Басты бет / «SANALY URPAQ» жобасының белсенді мүшелерімен кездесу 30.09.2024
«SANALY URPAQ» жобасының белсенді мүшелерімен кездесу 30.09.2024

2024 жылғы 30 қазанда «SANALY URPAQ» студенттік ұйымының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс - қызметінің жетекшісі Қайыржан Токушевпен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық идеологиясын ілгерілету» тақырыбында кездесу болып өтті.

Университет студенттеріне жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республика заңнамасының талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін жеткізді, сондай-ақ университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функциялары мен өкілеттіктері бойынша түсініктеме беріліп, «SANALY URPAQ» студенттік ұйымының жоспарларын талқылап, бағыт-бағдар берілді.

Кездесу барысында студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және оның алдын алуға қатысты өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша жауаптар мен түсініктемелер беріліп, пікір алмасумен аяқталды.

https://www.instagram.com/p/DCBpWeHSevV/?igsh=MTVyY3VvdXZ0anR3