Басты бет / Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу

2023 жылдың 24 қаңтары күні Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Ішкі істер департаментінің қызметкерлерімен студенттер арасында кездесу өтті.

Кездесуге ІІД қызметкері, учаскелік инспекторы, полиция капитаны Б.Сибанов, Аға тергеуші, полиция капитаны Ш.Арынов және ювиналды полиция инспекторы, полиция капитаны Д.Атинова қатысты. Сонымен бірге, академиялық топтардың кураторлары, тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасарлары, КЖжКББ, ОШЖТжҚО, экономикалық, энергетикалық және техникалық факультеттерінің студенттері қатысты.

Полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық жайында және бөтеннің мүлкін ұрлау, қарақшылық, алаяқтық туралы баяндап, одан сақ болудың жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар бүгінгі таңда оқу орындарында да, қоғамдық орындар да және сауда-саттық орындарында да бейнебақылау камералары бар екендігін ескертіп, қылмысқа барудың соңы жақсылыққа алып келмейтіндігін нақты мысалдар келтіре отырып жеткізді.

Студенттер өз тараптарынан сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.