Басты бет / Профессор Джо Гю Юнмен кездесу
Профессор Джо Гю Юнмен кездесу

2022 жылдың 24 қарашасы күні Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен Халықаралық зияткерлік дамыту институтының директоры, Корея Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруға арналған инновациялық оқу бағдарламаларын жасаушы, MIND «Tomorrow» халықаралық журналының журналисі, профессор Джо Гю Юнмен «Ойлау қабілеті» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Тренингке жастар саясаты департаменті мен әлеуметтік департамент қызметкерлері, факультеттердің декан орынбасарлары, кураторлар және студенттер қатысты.

Кездесуде профессор Джо Гю Юн ойлау қабілетін дамытудың маңыздылығы жайлы талдады. Ойлау қабілетін жетілдірудің маңызы сияқты өзекті ақпараттар талданды. Қатысушыларға ойлау қабілетін жетілдіру жолдарына қатысты кеңестер берілді.