Басты бет / Нашақорлықтың алдын алу бойынша топ тәлімгерлеріне өткізілген ақпараттық семинар туралы
Нашақорлықтың алдын алу бойынша топ тәлімгерлеріне өткізілген ақпараттық семинар туралы

2023 жылдың 17 ақпаны күні Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының қызметкерлерімен кездесу өтті.

Кездесуге Астана қаласының полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Ильиных С.С. және академиялық топтардың кураторлары қатысты.

Кездесу барысында есірткі қылмысына қарсы іс–қимыл басқармасының қызметкерлері есірткіге қарсы бағыттағы фото-бейне материалдарын көрсетті, сондай-ақ интеративті ойын форматында есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік және психоактивті заттарды қолданудың салдары туралы ақпарат жеткізді.

Іс – шараның негізгі мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында салауатты мәдениет, орта қалыптастыру.