Басты бет / «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында өткен студенттермен кездесу
«Қаржылық сауаттылық» тақырыбында өткен студенттермен кездесу

2023 жылдың 27 сәуірі күні Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында университетіміздің студенттерімен психотерапевт, психолог Серікгүл Сәлимен кездесу өтті. Кездесу барысында ақшаны дұрыс басқару мүмкіндігі, шығындар мен кірістерді дұрыс жоспарлай білу, қаржылық сауаттылықтың қыр-сырын және әдеттер жайлы студенттермен сұхбаттасып, пікір алмасты.

Кездесуге 250 студент қатысты.