Басты бет / «Заң мен тәртіп» аясында студенттермен кездесу өтті   19.11.2025
«Заң мен тәртіп» аясында студенттермен кездесу өтті   19.11.2025

2025 жылдың 19 қарашасында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Заң мен тәртіп» концепциясы аясында құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу өтті. 

Кездесуге Астана қаласы Полиция департаментінің Сарыарқа аудандық басқармасының басшысы, полиция полковнигі Жуманов Талғат Дәуренбекұлы және басқарма бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Молдыбаева Райгүл Батырханқызы қатысты. 

Іс-шараға университеттің түрлі институттарынан 250-ге жуық студент пен оқытушылар қатысты. 

Кездесу барысында құқықтық мәдениетті арттыру, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, киберқауіпсіздік, есірткімен күрес, банк карталарын үшінші тұлғаларға бермеу сияқты өзекті мәселелер қозғалды.