Басты бет / «Заң және тәртіп» – Президент Жолдауындағы басты бағыттардың бірі
«Заң және тәртіп» – Президент Жолдауындағы басты бағыттардың бірі

2025 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қоғамда тәртіп пен мәдениеттің қалыптасуына ерекше назар аударды. Президент «Заң және тәртіп» қағидаты – азаматтық жауапкершілік пен ұлттық қауіпсіздіктің негізі екенін атап өтті.

Жолдау аясында республика көлемінде түсіндіру апталығы ұйымдастырылып, оқу орындарында студенттер мен ұстаздар арасында ақпараттық кездесулер өткізілуде. Бұл шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың заң алдындағы міндеттері мен жауапкершілігін терең түсінуіне ықпал етеді.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде де аталған бағыт бойынша бірқатар іс-шаралар өтті. Құқық қорғау органдары өкілдері, антикоррупциялық қызмет мамандары, университеттің тәрбие жұмысына жауапты қызметкерлер студенттермен кездесу өткізіп, заң талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтан алшақ болу және қоғамдық тәртіпті сақтау туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мұндай тәрбиелік кездесулер студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, құқықтық мәдениетті нығайтуға және қауіпсіз қоғам құруға өз үлесін қосады.