Басты бет / Ғылым / Білім тарату кеңсесі
Білім тарату кеңсесі

Құрметті фермерлер және ауыл шаруашылығына қызығушылық танытқандар!

 

Құрметті фермерлер және ауыл шаруашылығына қызығушылық танытқандар!

«Extension-KATRU» Білім тарату офисі Сіздердің біздің қызметімізге қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғысын білдіреді.

Біздің негізгі мақсатымыз – агроөнеркәсіп кешенінде алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану тәжірибесі бойынша білімді тарату және беру.

«Extension-KATRU» Білім тарату офисінің негізгі қызметтері:

Алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану тәжірибесі бойынша практикалық шараларға бағытталған оқыту семинарларын өткізу;
Әлеуметтік желілер мен сайт арқылы ақпарат пен оқу материалдарын тарату;
Агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану тәжірибесі бойынша кеңес беру.

Қызметтерді ауыл шаруашылығы саласында үлкен ғылыми-тәжірибелік жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар көрсетеді.

 

Біздің қызметкерлеріміз:

Мусаева Мадина Алтаевна

Білімді тарату офисінің басшысы

«Extension-KATR

 

Тел.: + 7 777 551 53 57
Email: 
m.mussayeva@kazatu.edu.kz

Байсаков Саят Серкебаевич

Білімді тарату офисінің менеджері

«Extension-KATR

 

Тел.: + 7 707 856 10 96
Email: 
sayat_2510@mail.ru

Мекен жайы: Астана қаласы, Жеңіс данғылы, 62

Бас корпус, 3 этаж, кабинет 1305

«Органикалық өнімдерді өндіруге қойылатын талаптар; Пермакультура – органикалық егіншіліктің бір саласы» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар

2024 жылғы 23 тамызда «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ 100 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақысыз негізде ақпараттық қамтамасыз ету» бюджеттік кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде: «Органикалық өнімдерді өндіруге қойылатын талаптар; Пермакультура – ​​органикалық егіншіліктің бір саласы» тақырыбында  Ақмола облысы Зеренді ауданының Шағалалы ауылында Көкшетау тәжірибелік-өндірістік шаруашылығы нысанында ғылыми-практикалық семинар өткізді.

Семинар барысында шаруалар егіншіліктің озық әдістерімен танысып, тұқым шаруашылығы, агрохимия және өсімдіктерді қорғаудың өзекті мәселелерін талқылады.

Бағдарлама келесі мамандарға арналған:

- ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының шаруа және фермер қожалықтарының қызметкерлеріне, бас агроном, тұқымшы агроном, агроном лауазымдарына ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен айналысатын жеке кәсіпкерлерге;

- өз білім деңгейін үнемі жетілдіріп отыратын агроөнеркәсіптік кешен мамандарына;

- бәсекеге қабілетті өсімдік өнімдерін алуға ұмтылатын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларына, сондай-ақ әкімдік өкілдеріне арналған.