Басты бет / ППС / Магавин Сәбит Шәмелұлы
Магавин Сәбит Шәмелұлы

Магавин Сәбит Шәмелұлы

 

Техника ғылымдарының кандидаты,

«Технологиялық машиналар және жабдықтар»

кафедрасының доценті

4513-кабинет, тел.: + 7 (7172)39-53-14, 87017409803

Е-mail: s.magavin@kazatu.edu.kz

Ғылыми қызығушылықтар саласы

Машина жасау технологиясы. Технологиялық машиналар мен механизмдердің параметрлерін әзірлеу және анықтау. 

Оқытатын пәндері

Ауыл шаруашылығы машина жасау технологиясы. Машина жасау технологиясының негіздері. Өндірісті конструкторлық-технологиялық қамтамасыз ету. Материалдардың механикалық сипаттамалары. Қазіргі заманғы конструкциялық материалдар және машина жасаудағы қорғау жабындары. 

Білімі

1968-1973 ж.ж. Қарағанды политехникалық институты, Механика-технологиялық факультет

1978-1982 ж.ж. Қарағанды политехникалық институтының аспирантурасы, тау-кен машиналары факультеті 

Еңбек өтілі

10.1973-02.1975 ж.ж. – Көкшетау механикалық зауытының механикалық жинау учаскесінің шебері

04.1975-09.1985 ж.ж.  – «Союзспецфундаменттяжстрой» ҮЕҰ бөлімшелерінде аға инженер, топ бастығы, меңгеруші.

09.1985-06.1996 ж.ж. – Қарағанды педагогикалық институтының жалпы техникалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, доценті, декан орынбасары, кәсіптік-еңбекке оқыту деканы

06.1996-09.2015 ж.ж. – Механика және машинатану кафедрасының доценті, машинатану кафедрасының меңгерушісі, шаруашылық жөніндегі проректордың м.а., Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кәсіби-көркемөнер факультетінің деканы.

09.2015 ж. С. – Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіндегі Технологиялық машиналар және жабдықтар кафедрасының доценті. 

Марапаттары, құрмет грамоталары

- Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1979 ж.).

- «КСРО өнертапқышы» төс белгісі (1981 ж.).

- ҚР БҒМ бірінші вице-министрінің алғыс хаты (2002 ж.).

- ҚР БҒМ министрінің (2011 ж.), Қарағанды облысы әкімінің (2002 ж.) құрмет грамоталары.

- С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректорының грамотасы (2018 ж.). 

Біліктілікті арттыру

  1. Академиялық және басқару дербестігін кеңейту жағдайында «С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ» АҚ жаңа академиялық саясаты, «С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ» АҚ ИПК иДО, Астана, Қазақстан, 2018 ж. 

Басылымдары

100-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Ұсынылған бағыттар бойынша ең маңыздылары:

  1. Бұрғылау жұмыс органының құрылымын зерттеу және режимдік параметрлерін зерттеу. С. Сейфуллин ат. ҚАТУ Ғылым хабаршысы. – Астана, – №1(96). – 142-151 бб.
  2. Статикалық-динамикалық әрекеттегі бұрғылау жұмыс органының конструкциясын іздестіру. / «Әлемдік ғылымның стратегиялық мәселелері – 2017» атты 13 Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Пшемысль, 2017. – 34-39 бб.
  3. Үлкен диаметрлі ұңғымаларды бұрғылаудың аралас әдісі. / «Қазіргі заманғы ғылымдардың тиімді құралдары – 2016» атты 12 Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Прага, 2016. – 30-32 бб.
  4. Үлкен диаметрлі ұңғымаларды бұрғылау параметрлерін анықтау. / «Сейфуллин оқулары – 12» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары: «Жастар ғылымда – болашақтың инновациялық әлеуеті». – Астана: ҚАТУ баспасы, 2016. – 113-115 бб.
  5. Астана қаласындағы қоршаған ортаның пайдаланылған газдармен ластану проблемалары. Ақпараттық технологиялар мен білім беруді біріктіру қоғамның зияткерлік әлеуетінің факторы ретінде. / Ғылыми еңбектер жинағы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2016. – 150-159 бб.
  6. K.Nagymzhanova,R.Aikenova,M.Dzhanbubekova, S.Magavin, N.IrgebaevaThe importance of educational quality management inimproving student’s capital Espacios Volume 39,Issue 30,2018,3p Cite score 2018-0,19 Pesentile-14.
  7. Магавин С.Ш., Аймурзинов Ж.К. Бұрғылау жұмыс органының құрылымын зерттеу және параметрлерін зерттеу. / С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылым хабаршысы (пәнаралық). – Астана: ҚАТУ баспасы, 2018. – №1(96). – 140-149 бб.
  8. Айкенова Р.А., Магавин С.Ш., Танибергенова А.Ш. ЖОО студенттерінің интегралдық-креативті ойлауын қалыптастырудың әдіснамалық қағидаттары. Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар академиясының жаршысы. – Алматы: ҚПН баспасы, 2018. – № 2. – 38-48 бб.
  9. Ахметов К.Т., Рощин В.Е., Магавин С.Ш. Solid-phase reduction of metals from rich oxides of chromium ores. / С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылым хабаршысы (пәнаралық). – Нұр-Сұлтан: ҚАТУ баспасы, 2019. – №1(96). – 154-162 бб.
  10. Айкенова Р.А., Магавин С.Ш, Юсбекова Н.Н. Criteria and indicators of the evaluation of the computer linguistic competence of students. / Қазақстан ПҒА Хабаршысы. Алматы: ҚПҒА баспасы, 2019. – №3(89 ). – 27-36 бб.