Басты бет / ППС / Нурмуханова Каншаим Жумагалиевна
Нурмуханова Каншаим Жумагалиевна

Нурмуханова Каншаим Жумагалиевна

 

Техникалық ғылымдар магистрі,

«Жоғары математика» кафедрасының аға оқытушысы

Кабинет 2416, телефон: +7(7172)38-87-72

Е-mail: k.nur.agun@mail.ru

 

Ғылыми қызығушылықтар саласы

Қашықтықтан оқыту технологиялары. Ақпараттық жүйелерді талдау

Оқытатын пәндері

Python тілі және деректерді талдау, статистикалық талдау және деректерді визуализациялау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Білімі

1982-1986 жж. С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институты, мамандығы: «Физика»;

1991-2002 жж. Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, мамандығы: «Техникалық жүйелердегі автоматтандыру және бақылау»;

2011-2013 жж. Магистратура ҚазҰТБ, мамандығы: «Ақпараттық жүйелер»

2017-2020 жж. Докторантура С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ, мамандығы: "6D012000 - Кәсіптік оқыту".

Еңбек өтілі

1986-1991 жж. Қостанай облысы, Амангелді ауданы С.М.Киров атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі, №3 қалалық кәсіптік-техникалық училищесінің информатика пәнінің мұғалімі. Арқалық қ.;

1993-1994 жж. С.Сейфуллин атындағы мемлекеттік педагогикалық институты, КИСиТ кафедрасының аға оқытушысы;

1994-2006 жж. КазАТУ, АТ кафедрасының аға оқытушысы;

2006-2008 жж. КазАТУ, «Офис регистратор» бөлім бастығы;

2008-2010 жж. КазАТУ, қашықтықтан оқыту факультеті деканының орынбасары;

2010-2012 жж. КазАТУ, оқу процесін ұйымдастыру және басқару бөлімінің бастығы;

2012-2017 жж. КазАТУ, Біліктілікті арттыру және қашықтықтан оқыту институты директорының орынбасары;

2017-2020 жж. КазАТУ, «Кәсіптік білім беру» кафедрасының докторанты

2020- 2022 жж. КазАТУ, АКТ кафедрасының аға оқытушысы;

2022 ж. КазАТУ, жоғары математика кафедрасының аға оқытушысы.

Марапаттары, құрмет грамоталары

  • 2015 ж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты;
  • 2017 ж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы.

Біліктілік көтеру

  • Ғылыми тағылымдама, Беларусь Республикасы Я.Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті, 2019 ж.
  • Онлайн курс «Learn Moodle 3.8 Basics», MOOC, Moodle Pty Ltd, PO Box 303,West Perth WA 6872, Australia, 2020 ж;
  • Қашықтықтан оқыту курсы «Цифрлық педагогика», РУДН,Москва, 2020;
  • «Жоғары білім берудегі қашықтықтан оқыту технологиялары» біліктілігін арттыру курстары, 2020 ж.
  • Онлайн курс «Білім беру ұйымының өз күшімен қашықтықтан оқытуды кезең-кезеңмен енгізу әдістері», 10.07.2021 ж.
  • Online courses «Combined education in higher education as a tool to improve the quality of education in the context of the spread of coronavirus infection», 07.06.2021-19.07.2021 жж.
  • Онлайн курс «IT мамандар үшін ағылшын тілі», 2022 ж.

Республикалық және халықаралық кездесулер

  • «Серпінді технологиялар дәуіріндегі жоғары білім инновациялары» Жоғары білім беру көшбасшыларының VII Еуразиялық форумы, «Назарбаев Университеті» Астана, 2018;
  • «Қазіргі заманғы білім берудің виртуалды шындығы. VRME-2019» IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, МПГУ, Москва, 2019;
  • «Білім саласындағы инновациялар: Іздеу және шешімдер» VI Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Астана, 2019.

Басылымдар

 

 

  1. НурмухановаК.Ж. Қашықтықтан оқыту технологиялары агротехникалық ЖОО-да оқыту тиімділігін арттыру құралы ретінде // Педагогика мен қоғамдық жұмыстың өзекті мәселелері:ғылым мақалалар жиыны/ редкол.: В.П. Тарантей (бас ред.). – Гродно: ГрГУ, 2018.- С. 109-113.
  2. Нурмуханова К.Ж.  Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдануды жетілдіру қажеттілігі//«Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» V халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағы, 12 қазан 2018 ж., 653-655 б.
  3. Нурмуханова К.Ж. Қашықтықтан оқытудың ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары//«Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» VI халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағы, 25 мамыр 2019 ж., 250-254 б.
  4. Алпыспаева Г.А., Нурмуханова К.Ж.,  Ш.К. Оспанова. Модернизация университетов Казахстана: современные контексты проблемы// Научный журнал  Философия образования Т. 19, № 2, 2019. 81-99 б.
  5. Абдыров А.М., Сакаева А.Н., Нурмуханова К.Ж.. ЖОО-да қашықтықтан оқытудың негізгі формаларын ұйымдастыру тәжірибесінен//Абай атындағы ҚазҰПУ-ң хабаршысы «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(65), 2020 ж.