Басты бет / ППС / Шауенов Сауқымбек Қауысұлы
Шауенов Сауқымбек Қауысұлы

Шауенов Сауқымбек Қауысұлы

 

Ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор

Кабинеті 8202, тел. +7701-941-66-78

е-mail: s.shauyenov@kazatu.edu.kz

 

Ғылыми қызығушылықтар саласы

Қазақстанда өсірілетін әртүрлі қой тұқымдарының өнімділік қасиеттерін жоғарлату бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстары:

2006-2017 ж. - 249 мемлекеттік бюджеттік бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу тақырыбының жетекшісі.

2015-2017 жж. - 055 гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының орындаушысы.

Бейін бойынша философия докторы(Phd) дәрежесін берудиссертациялық кеңесінің төрағасы келесі мамандықтар бойынша:

-6Д080200 «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»;

-6Д080600 «Аграрлық техника және технология»;

-6Д073200 «Стандарттаужәнесертификаттау» (ҚР БҒМ БҒСБК төрағасының 27.05.2019 ж, №464 бұйрығы)

Оқытатын пәндері

Қой шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мен селекциясы, Жылқы шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мен селекциясы (мемлекеттік және орыс тілдерінде). 

Оқытатын курстары:

Ғылыми зерттеу әдістері

Негізгі зерттеу бағыттары

Қазақтың етті-жүнді биязылау қойларының асыл тұқымды және өнімділік сапасын жетілдіру

Ағымдық зерттеу жобалары

  1. 2006-2017 жж. - 249 мемлекеттік бюджеттік бағдарламасы бойынша «Қазақтың етті-жүнді биязылау қойларының етті типті тобын құру» ғылыми-зерттеу тақырыбының жетекшісі.
  2. 2015-2017 жж. - 055 гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша «Солтүстік Қазақстан жағдайында акселераттық қоян өсіру технологиясын жасау» ғылыми-зерттеу жұмысының орындаушысы.
  3. «АӨК субъектілерінің өзекті өндірістік міндеттеріне цифрландыруды енгізудің әрбір саласы бойынша кемінде 3 цифрлық шешімді қолдана отырып, ғылыми негізделген Смарт-фермаларды (табынды жылқы шаруашылығы, етті мал шаруашылығы) әзірлеу және құру және фермер және шаруа қожалықтарының қызметкерлерін оқыту және цифрлық білімді оқитын студенттерге беру үшін бұл үшін қажетті референттік деректер базасын қалыптастыру» ғылыми-зерттеу бағдарламасының жетекші ғылыми қызметкері.

Жетекшілік ететін магистранттары мен докторанттары

Д.А. Матақбаев  – 6D080200 «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығының докторнаты

Т.С. Шарапатов – 6D080200 «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығының докторанты

Білімі

1967-1972жж.

Алматы зооветеринарлық институты – мамандығы зоотехния

1976 ж.

В.А. Бальмонт атындағы Республикалық Жоғары бонитерлер мектебі

1977-1980 жж.

Қазақ ғылыми-зерттеу технологиялық қой шаруашылығы институты - аспирантура

1998-2001 жж. 

Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті (ҚазҰАУ) – докторантура

Еңбек өтілі

2015 ж.

«С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ» «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы» кафедрасының профессоры

2008-2011 жж.

«Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы» кафедрасының меңгерушісі

2004-2008 жж.

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ «Технологиялық» факультетінің деканы

2004-2004 жж.

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ «Зоотехния және биотехнология» кафедрасының профессоры

2003-2004 жж.

ҚазҰАУ «Ветеринария және мал шаруашылығы» институтының директор орынбасары  – «Мал шаруашылығы технологиясы» факультетінің деканы, ҚазҰАУ «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы және стандарттау» кафедрасының профессор м.а.

2002-2003 жж.

ҚазҰАУ«Ветеринария және мал шаруашылығы» институтының оқу бөлімінің басшысы, ҚазҰАУ «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы және стандарттау» кафедрасының профессор м.а.

2001-2002 жж.

«Дербес мал шаруашылығы және асылдандыру ісі» кафедрасының доценті. ҚазҰАУ оқу-әдістемелік басқармасының жетекші маманы

1998-2001 жж.

ҚазМемАграрлық университетінің «Ұсақ мал шаруашылығы» кафедрасының докторанты

1991-1998 жж.

ассистент, ҚазМемАграрлық университетінің «Ұсақ мал шаруашылығы» кафедрасының доценті

1985-1991 жж.

АЗВИ қой шаруашылығы кафедрасы қабырғасында ғылыми-зерттеу секторының ғылыми қызметкері

1977-07.1985 жж.

аспирант, лаборант, Қазақ ғылыми-зерттеу технологиялық қой шаруашылығы институтының (ҚазҒЗТҚИ) «Биязылау қой шаруашылығы» бөлімінің кіші ғылыми қызметкері

1972-1977 жж.

Көкшетау және Оңтүстік Қазақстан облыстары фермалары мен бөлімдерінің зоотехнигі

Біліктілігін көтеру

Сертификаттар:

- "Қазақстан Республикасында ІҚМ тиімді азықтандырудың өзекті мәселелері"тақырыбы бойынша Семинар г. Алматы, 2018

- Халықаралық қысқы мектепке қатысты, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, January 22 – Febrary 03, Almaty 2018.

- "Қарағанды облысында қой шаруашылығын дамыту жөніндегі шаралар кешені ""қой шаруашылығы" бағыты бойынша Карагандинская обл., с. Түгіскен, 2019г.

- Қазақстан қой шаруашылығы мамандарының ІІ съезі «Қой шаруашылығындағы заманауи даму үрдістері» ғылыми-практикалық конференция қатысушысы Алматы қ. с. Мыңбаев  28-29.08.2019ж

- "Қазақстан мен шетелдердегі өнімді жылқы шаруашылығының жай-күйі мен даму перспективалары" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға және өнімді жылқы шаруашылығы бойынша халықаралық семинарға қатысқаны үшін. Г.Павлодар, 2021.

Марапаттаулар, құрмет грамоталары

- Социалистік Кеңестер Одағы Республикасы Агрокешенінің жоғары және орта білім беру басқармасының құрмет грамотасы (1989 ж.)

- ҚазҰАУ құрмет грамотасы (1999 ж.)

- С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың құрмет грамоталары (2007, 2009, 2011 ж.)

- ҚР БҒМ «2007 ж – ЖОО ең үздік оқытушысы» мемлекеттік гранты (2008 ж.)

- «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ- 55 жыл» медалі 2012ж.

- «Қазақ мал шаруашылығы және азық өндірісі ғылыми-зерттеу институтына 80 жыл» медалі 2013ж.

- Қазақстан Республикасының «Ғылымды дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, 2015 ж.

Республикалық және халықаралық кездесулер

  1. ПРООН аясындағы «Жайылым қорларын тиімді басқару». Астана, 2012 ж.
  2. «Симменталь малының төлін өсіру және күтіп-бағу» тақырыбындағы халықаралық семинар. DAZ НЕМАО (Қазақстандағы Неміс аграрлық орталығы). 2013 ж.
  3. «Мүйізді ірі қара малдарының асыл тұқымды құндылығын бағалау, ұйымдастыру (бонитировкалау)». Қостанай, 2015 ж.
  4.  

Басылымдар

170-тан астам ғылыми еңбектердің авторы. Олардың ішіндегі ең маңыздылары келесілер:

1 Shauyenov S.K., Islamov Y.I., Narbayev S.N., Ibrayev D.K. Effect of sire breed on the productivity of Kazakh mutton-semifine-wool sheep // Indian Journal of Animal Research, – 2016. – № 50(3).– P. 418-424.

2 С.К. Шауенов, Е.И. Исламов, К.П. Хамзин, Д.К., Ибраев, И.Е. Мухаметжарова. Продуктивность, убойные и мясные качества казахских мясо-шерстных овец при нагуле и откорме // «Овцы, козы шерстяное дело» Ғылыми-өндірістік журналы – М:, 2017. - №3. –Б. 27-29

4 Шауенов С.К., Исламов Е.И., Ибраев Д.К., Мухаметжарова И.Е. и др. Опыт использования полутонкоруных овец зарубежной селекции // «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғылым жаршысы». – Астана, 2018. -№ 1(96). – Б.12-23.

5 Mukhametzharova I., Islamov Y., Shauyenov S., Atavliyeva S., Tarlykov P. Genetic Characterization of Kazakh Native Sheep Breeds Using Mitochondrial DNA // Bioscience Research (ISSN: 1811-9506), 2019. -– V.16(2). – P. 1412-1422

6 С.К. Шауенов, Қ.М.ИОмарова, Д.К. Ибраев, Г.К. Долдашева // Нагул молодняка казахских грубошерстных курдючных овец, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғылым жаршысы. ‒ Астана, – 2018. - №2(97 ), – Б. 103-112

7 Шауенов С.К. Омарова Қ.М., Ибраев Д.К., Долдашева, Юлдашбаев Ю.А. //Откормочные и убойные показатели баранчиков казахской грубошерстной курдючной породы овец,  Орынбор мемлекеттік аграрлық университетінің "ИЗВЕСТИЯ" теориялық және ғылыми-практикалық журналы, – Оренбург, – 2019. - №2(76). – Б.233-235

8 Шауенов С.К., Ибраев Д.К., Долдашева Г.К., Қонарбай А.,  Лесбек Қ.Ә., Аққаир Б.Ж. // Результаты нагула и морфологический состав туш баранчиков, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғылым жаршысы». –  Нұр-Сұлтан, –2020. - №1(104), - Б. 81-89

9 С.К. Шауенов, Ю.А. Юлдашбаев, Д.К. Ибраев, Г.К. Долдашева, И.Е. Мухаметжарова // Результаты убоя и морфологический состав туш баранчиков разного происхождения,  Ежемесячный теоретический и научно-практический журнал,  "Зоотехния",  – Москва, –  2020. - №7, Б. 19-22.

10 С.К. Шауенов, Д.К. Ибраев, Б.Ш. Алдабергенов, К.М. Омарова, Г.К. Долдашева және басқалары // Рекомендации по технологии производства ягнятины, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің баспасы, – Нұр-Сұлтан, 2020. – 25 б.

11 С.К. Шауенов, Д.К. Ибраев, Г.К. Долдашева, И.Е. Мухаметжарова. Молочная продуктивность овецематок в зависимости от возраста и лактации // «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғылым жаршысы». – Нұр-Сұлтан,  - 2021. - №1(108). - Б.14-23.

Селекциялық жетістіктерге жету нәтижесінде 6 патент (авторлық куәлік), оның ішінде 2 пайдалы үлгі алынған.