Просмотров: 91
2026 жылғы 17 қыркүйекте Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына қарасты С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Агротехнопаркінде «Seifullin Agroinnovation 1.0» бизнес-инкубациялық бағдарламасының финалы өтті. Demo Day аясында қатысушылар өздерінің инновациялық стартап-жобаларын сарапшылар комиссиясына таныстырды.
Бағдарлама үлкен қызығушылық тудырды: қатысуға 40-тан астам өтінім келіп түсті. Іріктеу нәтижесінде финалдық қорғауға 20 перспективалы команда өтті. Олардың қатарында 11 студенттік команда, 5 ғалымдар командасы және ҚР «Атамекен» ҰКП өкілдерінен құралған 4 кәсіпкерлер командасы болды.
Жеті апта бойы қатысушылар сертификатталған бизнес-тренерлердің жетекшілігімен қарқынды дайындықтан өтіп, трекерлердің жеке сүйемелдеуін алды. Ұсынылған жобалар AgriTech, UrbanTech, GreenTech және FoodTech секілді негізгі технологиялық бағыттарды қамтыды.
Бағдарлама аясында ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға ерекше назар аударылды. Университеттік зерттеулер нәтижелерін нақты секторға енгізу ғылыми идеяларды агроөнеркәсіптік кешен мен сабақтас салаларда қолдануға дайын, практикалық әрі экономикалық тұрғыдан тиімді шешімдерге айналдыруға мүмкіндік береді.
Қатысушылардың жобаларын сарапшылар комиссиясы бағалады:
• А. А. Орсариев — қазылар алқасының төрағасы, «С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ» КеАҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры;
• В. А. Юдина — «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС HR департаментінің директоры;
• М. М. Шарыпова — «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС персоналды оқыту және дамыту бөлімінің басшысы;
• Е. Т. Айнабеков — Агротехнопарк директоры;
• А. М. Алиева — «ҚАТЗУ» КеАҚ Инновациялық технологиялар орталығының басшысы;
• Б. Н. Ахметаев — ҚР «Атамекен» ҰКП АӨК және тамақ өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары;
• Ж. К. Акпанова — комиссия хатшысы, «ҚАТЗУ» КеАҚ бизнес-инкубаторының үйлестірушісі.
Финалдық қорғау қорытындысы бойынша 10 команда сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды. Үздік студенттік жобалардың авторлары бағдарлама серіктестері болып табылатын компаниялар мен ұйымдарда тағылымдамадан өтуге шақырылды.
ҚР «Атамекен» ҰКП:
• AgroGuard — Таутанов Ерасыл;
• PlanDate — Каирбеков Тамирлан.
«Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС:
• AgroOasis — Батырбаева Карина;
• TerraVision Urban — Курочкина Алина;
• EcoCoin — Кошкарбай Мадина;
• ФермаМаркет — Карим Ерасыл.
«Seifullin Agroinnovation 1.0» бизнес-инкубациялық бағдарламасы кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға және университет, бизнес пен сарапшылық қауымдастық арасындағы өзара байланысты нығайтуға арналған тиімді алаңға айналды.
Қатысушылар алдағы уақытта өз жобаларын жетілдіріп, оларды одан әрі іске асыру бағытындағы жұмыстарын жалғастырады.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.