Просмотров: 43
Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына қарасты С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтіп, бірінші курс студенттері «Әділет» партиясы мен «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдерімен кездесті.
Іс-шараға ҚАТЗУ Басқарма төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Тіреуов, «Әділет» партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Мағжан Қыстаубаев, Қазақстан Республикасы Құрылтайының I шақырылым депутаты Шынасыл Ерназар және «Жастар рухы» жастар қанаты Астана қалалық филиалының төрағасы Мағзұм Арсланбек қатысты.
Іс-шара аясында өзара ынтымақтастықты дамытуға және жастардың қатысуымен бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған меморандумға қол қойылды.
Кездесу барысында студенттердің кәсіби және мансаптық дамуына арналған мүмкіндіктерге, жастарды қолдау шараларына, сондай-ақ жастар және мемлекеттік бастамаларға қатысу перспективаларына ерекше назар аударылды. Бірінші курс студенттеріне Президенттік жастар кадр резерві және жас мамандардың алдағы кәсіби дамуына арналған мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді.
Кездесу соңында ашық диалог ұйымдастырылды. Бірінші курс студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, іс-шараға қатысушылардан жауап алды.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.