Просмотров: 40
Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына қарасты С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Bilim Group өкілдерінің қатысуымен ChatGPT және жасанды интеллект құралдарын пайдалану бойынша практикалық семинар өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға жасанды интеллектіні білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінде тиімді пайдалану мүмкіндіктері таныстырылды. Атап айтқанда, ChatGPT, Work және Codex құралдарымен жұмыс істеу, тиімді сұраныс құрастыру және жасанды интеллектіні цифрлық көмекші ретінде пайдалану жолдары көрсетілді.
Практикалық бөлімде ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, зерттеу материалдарын дайындау, гранттық жобаларға қажетті ақпараттарды жүйелеу, деректерді талдау және заманауи ЖИ құралдарының көмегімен жұмыс үдерісін оңтайландыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Семинар нақты мысалдар мен тікелей көрсетілімдер форматында өтіп, қатысушылар жасанды интеллект құралдарының функционалымен тәжірибе жүзінде танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.