Просмотров: 128
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында Энергетика институтында қазіргі заманғы жылу энергетикасын дамытудың өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-білім беру вебинары өтті.
Вебинардың тақырыбы — «Жылу энергетикалық станциялардың қазандықтарында Екібастұз көмірін жағудың қалдықсыз, көміртекті-бейтарап жүйесін әзірлеу».
Технологияны әзірлеуші — Диханбаев Баянды Ибрагимович, техника ғылымдарының докторы, Энергетика институтының қауымдастырылған профессоры, «Жылу энергетикасы» білім беру бағдарламасының профессоры.
Вебинар барысында Екібастұз көмірін жылу энергетикасында тиімді пайдалану, оны жағу технологияларын жетілдіру, жылу энергетикалық қондырғылардың энергетикалық тиімділігін арттыру, сондай-ақ энергетиканың қоршаған ортаға кері әсерін төмендету мүмкіндіктері талқыланды.
Заманауи энергетиканы дамытудың өзекті бағыттарының бірі болып табылатын көмірді қалдықсыз және көміртекті-бейтарап технологиялар негізінде жағу жүйелерін әзірлеу және енгізу перспективаларына ерекше назар аударылды.
Іс-шараға «Жылу энергетикасы» білім беру бағдарламасының бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінің білім алушылары, сондай-ақ Энергетика институтының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Вебинар аралас форматта өткізілді: офлайн режимде — Университеттің Бас ғимаратындағы № 1117 аудиторияда, ал онлайн форматта — Zoom платформасында ұйымдастырылды.
Осындай ғылыми-білім беру іс-шараларын өткізу білім алушылардың кәсіби білімдерін кеңейтуге, ғылыми әлеуетін дамытуға және энергетика саласының болашақ мамандарында заманауи технологиялық әрі экологиялық мәселелер туралы түсінік қалыптастыруға ықпал етеді.
Энергетика институты энергетика саласында мамандар даярлау сапасын арттыруға, ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға және заманауи энергия тиімді технологияларды енгізуге бағытталған ғылыми-білім беру ынтымақтастығын одан әрі дамыту жұмыстарын жалғастыруда.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.