Просмотров: 23
2026 жылы қыркүйек айының 11–13 аралығында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің делегациясы Қытай Халық Республикасының Цзинань қаласында өтіп жатқан 2026 International Academic Conference on Agricultural Wellness халықаралық ғылыми конференциясына қатысуда.
Университет делегациясы: Гүлмира Сатыбалдиева — Ауыл және орман шаруашылығы институтының директоры, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор; Дамелия Қонысбаева — биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор; Мақпал Бостубаева— PhD, аға оқытушы, ғылыми жоба жетекшісі; Асқар Жанабергенов — жаратылыстану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы; Дәурен Серікбай — ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі, оқытушы.
11 қыркүйектегі негізгі ғылыми бағдарлама Shandong Academy of Agricultural Sciences (SAAS) базасында өтіп, Қытай, Жапония, Сербия, Таиланд, Корея Республикасы, Иран, Малайзия, Аргентина, Индонезия және басқа да елдердің ғалымдарының пленарлық және ғылыми баяндамаларын қамтиды.
Конференцияның негізгі тақырыптары тұрақты әрі салауатты ауыл шаруашылығын дамыту, цифрлық технологиялар, экологиялық қауіпсіз өндіріс, ауыл шаруашылығы дақылдарын генетикалық жетілдіру, топырақ құнарлығын сақтау және агрожүйелердің климаттық өзгерістерге төзімділігін арттыру мәселелеріне арналған. Сонымен қатар бағдарламада жасыл нанотехнологиялар мен климатқа төзімді егіншілік саласындағы зерттеулер ұсынылған.
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ғалымдарының конференцияға қатысуы университетте жүргізіліп жатқан ғылыми әзірлемелерді таныстыруға, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға және халықаралық ғылыми және білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Бағдарлама аясында рекреациялық ауыл шаруашылығы институтының ғылыми-өндірістік және демонстрациялық нысандарына бару жоспарланған.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.