Басты бет / Жаңалықтар / «Заң және тәртіп» Құқықтық түсіндіру жұмыстары
«Заң және тәртіп» Құқықтық түсіндіру жұмыстары

Просмотров: 180

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында 2026 жылғы 2 қыркүйекте университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы К.А. Токушевтің әскери кафедра ұжымымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында К.А. Токушев еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты туралы жан-жақты айтып, академиялық адалдық қағидаттарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау және ұжымда жалпыға бірдей қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.