Басты бет / 2025 жылы «Мал шаруашылығы» білім беру бағдарламалары тобы бойынша студенттер арасындағы Республикалық пәндік олимпиадаға арналған тест сұрақтары мен ситуациялық тапсырмалар тізімі.
2025 жылы «Мал шаруашылығы» білім беру бағдарламалары тобы бойынша студенттер арасындағы Республикалық пәндік олимпиадаға арналған тест сұрақтары мен ситуациялық тапсырмалар тізімі.
«Мал өсіру және селекция» пәні

Республикалық пәндік олимпиада  «Мал шаруашылығы» білім беру бағдарламалар тобы бойынша «Мал өсіру және селекция» пәнінең тест сұрақтары және қолданбалы мен ситуациялық тапсырмалар

1. Ірі қара малдың жабайы арғы тегі:

2. Үй қойының жабайы арғы тегі:

3. Жылқының жабайы арғы тегі:

4. Үй ешкісінің жабайы арғы тегі:

5. Шығу тарихы мен даму жолдары ортақ, сыртқы орта әсеріне бейімделген, өзіне тән белгілері ұрпағында тұрақты тұқым қуалайтын, бір түрге жататын үй жануарларының үлкен тобы –

6. Ата-енесінің жыныс жасушаларымен берілген тұқым қуалайтын факторлар жиынтығы –

7. Жаңа мал тұқымын шығаруға әсер ететін факторлар –

8. Қазақстандағы 1990 жылғы ірі қара/қой-ешкі/шошқа саны (млн. бас):

9. Мал тұқымдарының жұмсалған адам еңбегіне қарай жіктелуі:

10. Ерекше бір аталықтан таралған және негізгі белгілері бойынша соған ұқсас мал тобы –

11. Малдың сыртқы ортаның өзгерген жағдайларына бейімделуі нәтижесінде өз төлінен тұрақты көбейіп, жоғары өнімділік көрсете алуы –

12. Қолайсыз фактор әсерінен мал өнімділігінің кемуі, белгілерінің аборигендік формаға ұқсастығының артуы – тұқымның

13. Малдың сыртқы белгілері мен өнімдік қасиеттерінің жиынтығы –

14. Малдың нәсілдік, анатомиялық-физиологиялық құрылымы негізінде қалыптасқан өнімдік сипаты мен сыртқы орта факторларына бейімділігін анықтайтын белгілерінің жиынтығы –

15. Мал ағзасындағы сапалық және сандық өзгерістердің үздіксіз үрдісі:

16. Онтогенездің негізгі үрдістері:

17. Организмдердің, белсенді, негізінен, ақуыздық заттар есебінен, өзгеруі:

18. Организм құрылымының күрделенуі, мүшелер мен ұлпалардың мамандануы мен жіктеле өзгеруі:

19. Жануарлардың абсолюттік өсімі:

20. Эмбрионалдық кезеңінде шөпқоректі жануарлар қаңқасының қай бөлігінің дамуы жылдамырақ?

21. Тұқымды жаңа аймақта өсіргендегі жайсыз жағдайлар неге әкеліп соғады?

22. Жануарлардың салыстырмалы өсімі:

23. Аналық малдың буаз кезінде азыққа жарымау салдарынан төлінің жетілмей қалу түрі:

24. Малдың тым ерте жыныстық дамуы салдарынан болатын жетілмей қалу түрі:

25. Постэмбрионалдық даму кезеңіндегі жайсыз жағдай салдарынан малдың жетілмей қалу түрі:

26. Бір малдың жекелей өсіп-жетілуі, дамуы:

27. Үзілмелі (дискретті) өзгергіштік қандай белгіге тән ?

28. Сиырдың сервис кезеңі қай кезең?

29. Торайлардың сүт ему кезеңінің ұзақтығы қанша тәулік?

30. Қойдың сойыс шығымы қалай анықталады?

31. Шошқаның өніп-өсу қасиеттері дегеніміз не?

32. Қандай  кезең сауын маусымы деп аталады?

33. Сиырдың суалуы деген не?

34. Ең жоғарғы тәуліктік сауым негізінен

сауын маусымының қай кезеңінде байқалады?

35. Ең жіңішке жүн талшығы:

36. Шумақта, бұрымшада, штапельде және жабағыда жүн талшықтарының қалыңдығы мен ұзындығының ұқсастығы оның қандай көрсеткіші ретінде бағаланады:

37. Ағзаның дамуы мен қасиеттері туралы хромосомалардағы ақпарат жиынтығы:

38. Жануардың өз қасиеттерін ұрпағына тұрақты түрде бере алу қабілеті:

39. Ұрпақтың өнім көрсеткішінің ата-анасынан асып түсуі құбылысы:

40. Мал шежіресін жазудың ең жиі кездесетін түрі

41. Малдың өнім бермейтін белгілері бойынша сұрыптау:

42. Ең жақсы ата-ененің ұрпағы ата-енесінен нашарлау, ал ең нашар ата-ененің ұрпағы ата-енесінен тәуірлеу болуы мүмкін – бұл қандай заңдылықтың мәні?

43. «Аталық индексін» анықтау теңдігі:

44. Ұрпағын енелерімен салыстыру арқылы аталықты бағалау әдістері:

45. Тұқымқуалаушылық коэффициенті мына шамада өзгереді:

46. Ата бабалары туралы негізгі мағлұматтары бар, малдың шыққан тегін куәландыратын құжат:

47. Шежіресі бойынша бағаланатын мал қалай аталады?

48. Ауру, өнімділігі, өсімталдығы төмен малды жарамсыздар тобына шығару:

49. Мал генотипін бағалау әдістерінің бірі

50. Жасына қарай ең дұрыс жұп таңдау:

51. Белгілерінің ұқсастығына қарай жұп таңдау түрлері:

52. Ұйымдастырылуы (мал санына қарай) бойынша жұп таңдау түрі:

53. Аталықіз кросстары деп қандай малдарды шағылыстыруды атайды?

54. Аталықіз құрып мал өсіру қай жағдайда қолданылады?

55. «Инбредтік депрессия» қандай жағдайда байқалады?

56. Туыстас шағылыстыру қайсысы?

57. Аналықұя құрып мал өсіру қай жағдайда қолданылады?

58. Инбридинг нәтижесінде мал өнімділігінің және тіршілікке қабілеттілігінің төмендеуі:

59. Қандай жануарларды шағылыстыру «тұқымды таза өсіруге» жатады?

60. Тұқымды таза өсірудің мақсаты

61.Тұқымды таза өсірудегі шағылыстыру әдістері?

62.Тұқыммал зауыттарындағы мал өсірудің негізгі әдісі:

63.Малды гибридтеудің негізгі мақсаттарының бірі:

64.Зауыттық будандастырудың мақсаты:

65.Гибридтеудің қай типі жиі қолданылады?

66. Төмен өнімді тұқымды жоғары өнімді тұқымға жылдам айналдыру әдісі

67. Гетерозис құбылысын бірнеше буын ұрпақта ұстап тұруға мүмкіндік беретін әдіс

68. Қандай топтарға жататын малдарды шағылыстырғанда гибридтік ұрпақ алынады?

69. Әр түрге жататын малдың будандаспауының себептерін жеңу жолдары:

70. Әр тұқымға жататын малды шағылыстыру:

71. Әр түрге жататын малды шағылыстыру:

72. Тұқым стандарты қай көрсеткіш?

73. Сұрыптау мен жұп таңдау негізін құрайтын үрдіс

74. Тұқым құрылымында бола бермейтін мал тобы

75. Организмнің нәсілдік қасиеті мен анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері негізінде қалыптасқан, жалпы ішкі-сыртқы құрылыс жиынтығы, өнімділік қасиеттері және сыртқы орта әсерлеріне жауап беру ерекшеліктерінің жүйесі:

76. Конституциясымен, өнімділік бағытымен байланысты организмнің физиологиялық, анатомиялық-гистологиялық және биохимиялық қасиеттерінің жиынтығы:

77. Өзара байланысты дене өлшемдерінің арақатынасына негізделген көрсеткіші

78. Конституция типтерін қазіргі жіктеу:

79. Мүйізді ірі қара малдың жыныстық жетілуі басталады:

80. Қойдың жыныстық жетілуі басталады:

81. Биенің жыныстық жетілуі басталады:

82. Мегежіннің жыныстық жетілуі басталады:

83. Ұрғашы ірі қара малды алғаш шағылыстырады

84. Қойды алғаш шағылыстырады

85. Биені алғаш шағылыстырады

86. Сиыр буаздылығының мерзімі:

87. Қой буаздылығының мерзімі:

88. Бие буаздылығының мерзімі

89. Мегежін буаздылығының мерзімі:

90. Мүйізді ірі қараны шаруашылықта пайдалану мерзімі:

91. Қойды шаруашылықта пайдалану мерзімі:

92. Жылқыны шаруашылықта пайдалану мерзімі:

93. Шошқаны шаруашылықта пайдалану мерзімі:

94. Жануарлар онтогенезі заңдылықтарының бірі:

95. Чирвинский-Малигонов заңына сәйкес малдың жетілмей қалу түрлері:

96. Зоотехниялық, экономикалық, агрономиялық, малдәрігерлік, зоогигиеналық шаралардың ғылыми негізделген  кешенді жүйесі:

97. Жануарлардың жеке өсіп-дамуында қажетті қасиеттер тудыру мақсатында әртүрлі факторлармен әсер ету жүйесі:

98. Құстың жұмыртқа салу циклы -

99. Жұмыртқалау ритмі -

100. Жұмыртқалағыштықтың биологиялық циклы-

101. Құрамында қылшық, аралық талшық және түбіті бар жүннің түрі:

102. Малдың тезжетілгіштігі -

103. Пробанд шежіресіндегі анасы жағынан 4 қатардағы еркек мал:

104. Енелері мен ұрпақтарының бірдей белгілерінің көрсеткіштері арасындағы байланыс арқылы анықталатын тұқымқуалаушылық коэффициенті:

105. Табын мен оның ең таңдаулы бөлігінің өнімділігі арасындағы айырмашылық:

106. Аналық малды ұрпағының сапасына қарай бағалау көп қолданылады

107. Жалпы фенотиптік өзгергіштіктегі генотиптік өзгергіштіктің үлесі:

108. Малды ұрпағының сапасына қарай бағалау кемшіліктерінің бірі:

109. Тікелей құндылығы жоқ белгілер бойынша жүргізілетін сұрыптау:

110. Малды ерте бағалау-сұрыптау жолы:

111. Малдың өнімділік белгілерінің құндылығына қарай бірінен соң бірі бойынша кезекпен сұрыптау:

112. Жеке дамуының белгілі бір кезеңдерінде әртүрлі факторлардың әсерімен малдың генотипінде қаланған қажетті белгілері мен қасиеттерін мақсатты дамыту жүйесі-

113. Гомозиготалықты жоғарылату, белгіні бекіту, дамыту мақсатындағы жұп таңдау:

114. Гомогенді жұп таңдау кемшіліктері:

115. Гетерогенді жұп таңдаудың құндылығы:

116. Гетерогенді жұп таңдаудың кемшіліктері:

117. Гомогенді жұп таңдаудың құндылығы:

118. Малдың тұқымдық құндылығы -

119. Малды жан-жақты бағалап, әрі қарай қалай пайдаланатынын шешу:

120. «Аналық эффектін» анықтау үшін қандай шағылыстыру қолданылады?

121. Мал шежіресін неше буынға дейін құрастырған жеткілікті?

122. Селекция жігі (Хи) нені білдіреді?

123. Селекция шекарасын анықтау теңдігі:

124. Селекция қарқынын анықтау теңдігі:

125. Селекция нәтижесін анықтау теңдігі:

126. Бағып -күту мен пайдаланудың жаңа жағдайына бейімделуіне қарай сұрыптау:

127. Малдың ұнамды белгілерін сақтап, бекітуге бағытталған сұрыптау -

128. Аталықіз құрып мал өсіруде инбридингтің қай дәрежесі қолданылады?

129. Қандай шаруашылықтарда аналықұя құрып мал өсіреді?

130. Инбридингтің сандық сипаттамасын анықтайтын көрсеткіші:

131. Ата-ананың нәсілдік қасиеттерін ұрпақта бекітуін қай әдіспен жақсы қамтамасыз етеді?

132. Инбридинг дәрежесіне қарай жіктеу тәсілдері:

133. Инбредтік депрессия құбылысына қарсы қолданылатын негізгі шара:

134. Тұқымды таза өсіру әдісін қандай мал алу үшін қолданады?

135. Аталықіз құрып мал өсіру қандай аталықіз шығарылуын көздейді?

136Тұқым ішінде әртүрлі топтар құру мақсатында қолданылатын әдіс:

137. Тұқымды таза өсірудің мақсаты:

138. Гетерозис қай жағдайда жоғары?

139. Қай салада синтетикалық аталықіз құру әдісі кең қолданылады?

140. Қай будандастыру нәтижесінде мал табынында жақсартылатын тұқым қан үлесі басым болады?

141. Қай будандастыру нәтижесінде мал табынында жақсартушы тұқым қан үлесі басым болады?

142. Қай будандастыру нәтижесінде V буындық ұрпақ таза қанды болып есептелінеді?

143. Қай будандастыру нәтижесінде жергілікті тұқымды зауыттық тұқымға жылдам айналдырады?

144. Қай будандастыру нәтижесінде өнімдік мал алынады?

145. Қай будандастыру нәтижесінде гетерозис құбылысын бірнеше ұрпақ бойы сақтап қалады?

146. Қай будандастыру нәтижесінде зауыттық тұқымның кейбір белгілерін жақсартуға болады?

147. Қай будандастыру нәтижесінде жаңа тұқым шығарылады:

148. Мал гибридтеудің неше түрі бар?

149. Жоғары өнімді аналықтардың бірнеше буындық ұрпағынан тұратын мал тобы

150. Ұнамды тұрпатты мал белгілеріне қойылатын талаптардың ең төменгі деңгейі:

151. Өсірудің аймақтық жағдайына жақсы бейімделген тұқымның бір бөлігі:

152. Тұқым шығаруға қатысатын, бірақ әлі өзіне тән белгілері тұрақты емес мал тобы:

153. Шөпқоректілер қаңқа сүйегі шеткі бөлімінің өсуі онтогенездің қай кезеңіңде жылдамырақ?

154. Шөпқоректілер қаңқа сүйегі біліктік бөлімінің өсуі онтогенездің қай кезеңіңде жылдамырақ?

155. Етқоректілер қаңқа сүйегі біліктік бөлімінің өсуі онтогенездің қай кезеңіңде жылдамырақ?

156. Ет қоректілер қаңқа сүйегі шеткі бөлімінің өсуі онтогенездің қай кезеңіңде жылдамырақ?

157. Сервис кезеңді қысқарту неге әкеліп соғады?

158. Сервис-кезеңнің ұзаруы неге әкеліп соғады?

159. Құстардың өсімталдығы қалай анықталады?

160. Жылқының жүкті белгілі бір қашықтыққа қозғалтуға жұмсалған күші нені анықтайды?

161. Доңғалақтың жермен үйкеліс кедергісін жеңіп арбаны тартуға жарайтын күші – жылқының

162. Белгілі бір уақыт арасындағы жылқы орындаған жұмыс:

163. Ұзақ уақыт өзіне тән қуатты сақтап, күшін тез жинап алатын жылқыға тән қабілет:

164. Құстың жұмыртқа өнімділігінің көрсеткіші:

165. Өсімнен шығарылатын мал үлесі

166. Селекциялық дифференциалды анықтау жолы:

167. Ата-тегі бойынша малды бағалаудың мәні:

168. Малдың тұқымдық құндылығын ерте болжауға мүмкіндік беретін көрсеткіш:

169. Малдың тұқымдық құндылығын бағалаудың ең ұзақ жүргізілетін әдісі:

170. Құрылған аталықіздің нығаюы селекцияның қай әдісімен іске асырылады?

171. Сіңіре будандастыруда ІІІ буындық ұрпақта жақсартушы тұқымның қан үлесі?

172. Сіңіре будандастыруда ІV ұрпақта жақсартылушы тұқымның қан үлесі?

173. А және В тұқымдарынан алынған будандарды (АB) қайтадан А, сонан соң В тұқымымен шағылыстырады. Будандастыру түрін анықтаңыз?

174. А және В тұқымдарынан алынған ұрпақтарды түгел етке өткіземіз. Бұл қандай будандастыру?

175. Құйрықты қойды ұзақ жыл меринос қошқарлармен будандастыру қай будандастыру?

176. Жүн өнімін жақсарту үшін қазақтың оңтүстік мериносы саулықтарын австралия мериносының қошқарларымен бір мәрте шағылыстыру қай будандастыру?

177. Кезек будандастырудың қарапайым өнеркәсіптік будандастырудан артықшылығы –

178. Аталықіз құрып мал өсірудің негізгі міндеттерінің бірі –

179. Аталықіз құрып мал өсірудің негізгі мақсаттарының бірі –

180. Зауыттық тұқымды жақсартуға қолданылатын будандастыру:

181. Сіңіре будандастыруда F2-де жақсартушы тұқымның қан үлесі:

182. Сіңіре будандастырудың F4-де жақсартушы тұқымның қан үлесі:

183. Сіңіре будандастыруда F3-те жергілікті жақсартылатын тұқымның қан үлесі:

184. Сіңіре будандастыруда F5-те жергілікті жақсартылатын тұқымның қан үлесі:

185. Кірістіре будандастыруда F3-те жақсартушы тұқымның қан үлесі:

186. Кірістіре будандастыруда F2-де жақсартушы тұқымның қан үлесі:

187. Кірістіре будандастыруда F3-те жақсартылатын тұқымның қан үлесі:

188. Кірістіре будандастыруда F4-те жақсартылатын тұқымның қан үлесі:

189. F1-де А мен Б тұқымдардың қан үлесі:

190. ♀(1/2А+1/2Б) х ♂(1/4А+3/4Б) будандағы әр тұқымның қан үлесі:

191. ІV буындық ұрпақ таза тұқымды саналады?

192. Аса жоғары өнімді асылтұқымды малды тіркейтін құжат:

193. Барлық малға қолданатын таңбалау әдісі:

194. Тұқымасылдандыру базасының негіздері:

195. Күрделі зауыттық будандастыру әдісімен қандай мал тұқымы шығарылды?

196. Қарапайым зауыттық будандастыру әдісімен қандай мал тұқымы шығарылды?

197. Гибридтеу әдісімен қандай мал тұқымы шығарылды?

198. Халық селекциясы әдісімен қандай мал тұқымы шығарылды?

199. Күрделі зауыттық будандастыру әдісімен қандай мал тұқымы шығарылды?

200. Гибридтеу әдісімен қандай мал тұқымы шығарылды?

Cитуациялық тапсырмалары

  1. Кастек, Сарыбұлақ, Мыңбаев атындағы асыл тұқымды мал зауыттарында қазақтың биязы жүнді қойын аталық із бойынша өсіру барысында “қан жаңарту” жолын жасаңыздар.
  2. Қазақтың биязы жүнді (КТ) саулықтарын және австралия мериносы (АВ) қошқарларымен кірістіре (кіріспе) будандастыру схемасын жасаңыз.
  3. Популяция бойынша тауықтың жұмсыртқалағыштығы-240 жұмыртқа, сұрыптап алған топтың орташа көрсеткіші - 280 жұмыртқа. Жұмыртқалағыштықтың тұқым қуалаушылығы бұл популяцияда 0,18; ұрпақтар арасы 1 жыл және 2 жыл деп қарап, сұрыптау нәтижесін анықтаңыз.
  4. Алатау сиырларын швиц тұқымды бұқалармен кіріспе будандастыру жолын жасаңыз.
  5. Популяциядағы сиырлардың сүтінің орташа майлылығы 3,78%, σ=0,23%, һ2=0,5 деп есептеп, келесі ұрпақтың сүтінің майлылығы 3,95% болу үшін асыл тұқымды топқа қандай сиырларды сұрыптап алып қалу керек.
  6. Жергілікті ірі қара малды сименталь тұқымымен сіңіре будандастыру схемасын жасап, одан алынған табынға сипаттама беріңіз.
  7. Қазақтың биязы жүнді қойы отарларын құру үшін будандастыру жолын көрсетіңіз, егер:
    • алдымен қазақы қылшық жүнді саулықтарды прекос қошқарларымен сіңіре будандастыру арқылы І және ІІ ұрпақ будандар алу арқылы;
    • І – ұрпақ будан саулықтарды  ІІ-ұрпақ будан қошқарларымен жұптастырып, алынған ұрпақты ”өз ішінде өсіру“арқылы.
  8. Пробанд “Марстың“ тегінде ЕӘ, ӘЕӘ, ӘӘӘ “Грозный”атты бір бұқа деп қарап, оның шежіресін жасап, инбридинг дәрежесін Пуш-Шапоруж әдісімен Райт әдісімен анықтаңыз.
  9. ІV ұрпақ алынғанша қазақтың ақбас, абердин-ангус және шароле үш тұқымды пайдаланып кезек будандастыру схемасын жасаңыз.
  10. Ортақ баба-Грозный ЕӘ және ӘЕӘ деп қарап Приливтің шежіресіндегі  жұптастыру ерекшеліктерін анықтау керек.
  11. Қазақтың биязы жүнді (КТ) саулықтары мен линкольн (Л) қошқарларын өндірістік будандастыру схемасын жасаңыз.
  12. М.Ф.Ивановтың жаңа мал тұқымын шығару әдістері - украинаның далалық ақ шошқасын шығару схемасын мысалында
  13. Ортақ бабасы І және ІІІ, ІІ және ІV қатарларда қайталайтындай мал шежіресін жасаңыз, олардың инбридинг коэффициентін Райт-Кисловский әдісімен есептеңіз.
  14. Екі ұрпақтан кейін орташа сүттілікті (сауын мөлшері) 3500 кг-нен 4100кг-ға дейін көтері үшін (һ2=0,3) сүтті ірі қараны сұрыптау барысында селекциялық дифференциалдың (SD) шамасы қандай болуы қажет?
  15. Қырдың қызыл сиырларын англер тұқымды бұқалармен кірістіре (кіріспе) будандастыру схемасын жасаңыз.
  16. Қазақтың қылшық жүнді саулықтарын (КГ) дегерес (ДПТ) қошқарларымен кірістіре будандастыру схемасын жасаңыз.
  17. Еділбай, дегерес, тәжік тұқымдарын қатыстыра отырып, үш тұқымды кезек будандастыру схемасын жасаңыз.
  18. Қазақтың қылшық жүнді саулықтарын (КГ) дегерес (ДПТ) қошқарларымен сіңіре будандастыру схемасын жасаңыз.
  19. Еділбай (ЕД) саулықтары мен дегерес (ДПТ) қошқарларын кіріспе будандастыру схемасын жасаңыз.
  20. Еділбай (ЕД) саулықтары мен дегерес (ДПТ) қошқарларын сіңіре будандастыру схемасын жасаңыз.
  21. Еділбай (ЕД) саулықтары мен тәжік (ТД) қошқарларын сіңіре будандастыру схемасын жасаңыз.
  22. Ортақ бабасы ІІ және ІІІ қатарларда қайталанатындай мал шежіресін жасаңыз, олардың инбридинг коэффициентін Райт-Кисловский әдісімен есептеңіз.
  23. Оңтүстік қазақ мериносының жаңа аталық із басшысы 46128 қошқары былай алынған-АВ+ЮКМ х ¾ АВ+1/4ЮКМ. 46128-дің қаның (үлесін) анықтаңыз.
  24. Шаруашылықта сүтті сиыр өсіреді және сиырдың саны тұрақты (2000 бас). Бұл табында еттік бағыттағы бұқалармен өндірістік будандастыру қолдануға бола ма? Болса қанша малға қолданылады?
  25. Ірі қара шошқа мен ландрас тұқымынан ІV-ұрпақ алу үшін кезек будандастыру схемасын жасаңыз.
  26. Өңтүстік қазақ мериносын  (ЮКМ) австралия мериносымен (АВ) кіріспе будандастыру схемасын жасаңыз.
  27. Еділбай (ЕД) саулықтары мен тәжік (ТД) қошқарларын сіңіре будандастыру схемасын жасаңыз.
  28. Ортақ бабасы І және ІІІ қатарларда қайталанатындай мал шежіресін жасаңыз, олардың инбридинг коэффициентін Райт-Кисловский әдісімен есептеңіз.
  29. Герефорд тұқымы төлінің абсолютті, салыстырмалы және орташа тәуліктік өсімін анықтап, талдаңыз. Мысалы: бұқашықтың туғандағы тірі салмағы - 25,7 кг, 3 айлық - 105,8 кг, 6 айлық - 188,5 кг, 9 айлық - 240,5 кг, 12 айлық -326,1 кг және 15 айлық - 370,3 кг.
  30. Н. А. Кравченко теңдігі бойынша өндіруші Буран 7602 бұқасы қыздарының болжамды сүттілігі мен майлылығы мөлшері бойынша индексін есептеңіз. Мысалы: Е – 1-4530-4,3; Ә- 43 қызы-3292-3,75; ЕЕ -3-3983-3,91; ӘӘ-16 қыз 3614-3,82; ЕЕЕ -4-4123-3,85;   ӘӘӘ- 25 қыз – 3703-3, 78. Табынның орташа өнімділігі 3624-3,65.  Буран 7602 бұқасынан алынған  сиырлардың орташа өнімділігі 3520 – 3,75 құрайды.
«Ауылшаруашылық малдарын азықтандыру» пәні

Республикалық пәндік олимпиада  «Мал шаруашылығы» білім беру бағдарламалар тобы бойынша «Ауылшаруашылық малдарын азықтандыру» пәнінен тест сұрақтары

  1. Мал организмінде судың физиологиялық маңызы?

  2. Азықтың қоректік заттарының қорытылуын сипаттайтын мал денесіндегі материалдық өзгерістерді бақылау әдістері?

  3. Мал организміндегі азот балансын анықтау формуласы?

  4. Рахит ауруына шалдықпау үшін қай витамин қажет?

  5. Қай витамин жетіспегенде малда "тауық соқыр" ауруы пайда болады?

  6. Протеинге бай өсімдік тектес азықтар?

  7. Азықтың шикі күлін қалай анықтайды?

  8. Азықтың құрамындағы алғашқы ылғалдылықты қалай анықтайды?

  9. Азотсыз экстрактивті заттарға қандай қоректік заттар жатады?

  10. Қай витамин малдың ұрықтану, төл беру қызметіне әсер етеді?

  11. 1кг сүйек ұнындағы қорытылатын протеин мөлшері және жалпы қоректілігі?

  12. 1кг бұршақ тұқымдастар дәніндегі қорыталатын протеин мөлшері және жалпы қоректілігі?

  13. 1кг жүгері сүрлемінің қорытылатын протеин мөлшері және жалпы қоректілігі?

  14. 1кг жоңышқа пішенінің орташа химиялық құрамы мен қоректілігі (1кг)?

  15. 1кг азықтық қызылшадағы қорытылатын протеин мөлшері және жалпы қоректілігі?

  16. 1кг жүгері дәнінде орташа қанша сұлы азық өлшемі бар?

  17. 1кг арпа дәнінде қанша сұлы азық өлшемі бар?

  18. 1кг сұлы дәнінде қанша сұлы азық өлшемі бар?

  19. 1 кг пішендемеде орташа қанша сұлы азық өлшемі бар?

  20. Көміртегі балансының формуласын көрсетіңіз?

  21. Қандай азықтар үшін май байлау түзетулері қолданылады?

  22. Азықтағы алмасу энергиясын анықтау формуласы қандай?

  23. Азықтың қорытылған қоректік заттар қосындысын қалай анықтайды?

  24. Клетчатканың мал организміндегі физиологиялық маңызы?

  25. Азықта қай витамин жетіспегенде  мал «цинга» ауруымен ауырады?

  26. Ауыспайтын амин қышқылдары туралы түсінік

  27. В12 витаминінің құрамына қай элемент кіреді?

  28. Жай көмірсулар мал организмінде не үшін қажет?

  29. Мал организміндегі майдың физиологиялық маңызы?

  30. Қай витамин жетіспегенде малда рахит, остеомаляция аурулары пайда болады?

  31. Қай малдың ас қорыту органында микроорганизмдердің қатысуымен В тобының витаминдері түзіледі?

  32. Мал белогында қанша пайыз көміртегі бар?

  33. Қай витамин жетіспегенде жүйке жүйесінің қызметі бұзылады?

  34. Мал белогында орташа қанша процент азот бар?

  35. Қандай элемент жетіспегенде малдың қалқан безінде "эндемиялық зоб" деп аталатын ауру пайда болады?

  36. 1кг күнбағыс күнжарасын сиырға бергенде 167г май түзілген. Күнбағыс күнжарасында қанша сұлы азық өлшемі бар?

  37. Қойды бордақылап тәжірибе жүргізгенде азықпен берілген азоттың 7грамы организмде қалады. Осы 7г азоттың әсерінен қанша грамм ет пайда болады?

  38. 1кг соя дәнінің жалпы қоректілігі қанша, егер оны жұмыс өгізшесіне бергенде 195г май түзілген болса?

  39. 1кг қара бидай дәнін өгізшеге бергенде организмде 3225ккал алмасу энергиясы пайда болады. Қара бидай дәнінің энергетикалық азық өлшемі қанша болады?

  40. Жұмыс атындағы рационындағы сілті грамм-эквивалентінің қосындысы 14,9, ал қышқыл грамм-эквиваленті 9,1 құрады. Жұмыс атының рационындағы қышқыл-сілтілік қатынасты анықтаңыз

  41. 1кг пішендемені қойға жегізгенде оның организмінде 55г май түзілген. Пішендеменің жалпы қоректілігін анықтаңыз?

  42. Соя дәнін өгізге жегізгенде оның организмінде 203г май түзіледі. Соя дәнінің жалпы қоректілігін анықтаңыз?

  43. 1кг сәбізде қанша азық өлшемі бар,  егер өгізше организмінде 18г май түзілсе?

  44. 1кг қант қызылшасының жалпы қоректілігі қанша, егер өгіз 1кг қант қызылшасын жегенде организмде 33г май түзілсе?

  45. Энергия-протеиндік қатынас деген не?

  46. Азықтың қоректілігін және малдың азыққа деген тәбетін арттыру үшін қандай тәсіл пайдаланған жөн?

  47. Азықтың құрамындағы қорытылатын энергия қай формула арқылы анықталады?

  48. Рациондағы қышқылдық-сілтілік қатынастың оптимальды деңгейі?

  49. Құнарлылық коэффициентін қай азықтар үшін пайдаланады?

  50. Энергетикалық азықөлшемнің негізінде қандай энергия түрі алынған?

  51. Дәнді дақылдардың қорытылған майы үшін Кельнердің май бйлаау коэффициенті?

  52. Қай элементтің жетіспеуінен ауыл шаруашылық құстары "перозис" ауруына ұшырайды?

  53. Клеткадағы осмостық қысымды қандай негізгі элементтер бірқалыпты ұстап тұрады?

  54. Жалпы энергия деген не?

  55. Мал рационындағы қышқылдық және сілтілік эквиваленттердің ара қатынасы?

  56. Азотсыз экстрактивті заттар үшін Кельнердің май байлау коэффициенті?

  57. Сұлы азық өлшемінің негізіне не алынған?

  58. Ересек малдың рационындағы протеин қатынасы қандай болуы керек?

  59. Қант пен протеиннің ара қатынасы деген не?

  60. 1 энергетикалық азық өлшемі неге тең?

  61. Қай элемент жетіспегенде малдарда анемия ауруы пайда болады?

  62. Қоректік заттардың қорытылу коэффициенті деп нені айтады?

  63. Қазақстан Республикасында қабылданған жем-шөптің жалпы қоректілігі қалай аталады?

  64. Пішендеме әзірлейтін жем-шөптік дақылдар?

  65. 1кг көк азықтың азық өлшеміндегі орташа қоректілігі?

  66. Астық тұқымдас дәнді дақылдарға не жатады?

  67. Қай пішенде Д витамині көп болады?

  68. Қай азықтарда клетчатка көп емес?

  69. Қай азықтар шырынды азықтарға жатады?

  70. Қанты мол азықтар?

  71. Ірі азықтың оптимальды ылғалдылығы (%)?

  72. Жануар тектес азықтар қандай қоректік заттарға бай?

  73. Қант өндірісінен мал азығына пайдалануға қандай қалдықтар қолданылады?

  74. Жеңіл сүрлемделінетін өсімдіктерге қайсылары жатады?

  75. Дәннің көлемдік салмағы дегеніміз не?

  76. Құнарлы азықтарға қандай азықтар жатады?

  77. Қай азықта улы зат госсипол бар?

  78. 1м3 жүгері сүрлемінің орташа массасы (сүрлемдегеннен кейін 20 күн өткендE)?

  79. Рационда жетіспеген қорытылатын протеинді толықтыратын қосымша азықтар?

  80. Мал өнімділігіне азықтандырудың әсері (генотиптің % үлес салмағы, азықтандыру)

  81. 1кг ет ұнындағы қорытылатын протеин мөлшері және жалпы қоректілігі?

  82. 1кг пішеннің орташа қоректілігі?

  83. Қандай дақылдар сүрлембейтін өсімдіктерге жатады?

  84. Өсімдік майын шығару өндірісі қалдықтарының (күнжара, шрот) орташа қоректілігі?

  85. Сапалы пішендеме дайындау үшін қажетті ылғалдылықтың мөлшері?

  86. Дәнді азықтардың оптималді ылғалдылығы неше процент болуы керек?

  87. Өсімдіктің қай өсу фазасында қоректік заттар көп?

  88. Каротинге бай өсімдік тектес азықтар?

  89. Жылқыға сұлы дәнін қандай түрде берген пайдалы?

  90. Пішендеме дайындаудың биохимиялық негізі?

  91. Сүрлем дайындаудың биохимиялық негізі?

  92. Дәнді азықтарды қандай көрсеткіштер арқылы бағалайды?

  93. Шаруашылық жағдайында пішендемені қандай көрсеткіштері бойынша бағалайды?

  94. Синтетикалық азоты бар заттарды қай малдарға беруге болады?

  95. Азықтық ашытқының құрамында қандай қоректік заттар көп?

  96. Ірі азыққа қандай азықтар жатады?

  97. Михин әдісі бойынша сүрлем сапасын қандай көрсеткіштері арқылы бағалайды?

  98. Сабанның қоректілігін арттыру тәсілдері?

  99. 1класты пішенге  МЕМСТ талабы?

  100. Сүрлем дайындағанда жүретін қажетті биохимиялық процесстер қандай?

  101. Айғырға (мініс тұқымы) тәулігіне қанша мөлшерде азық беруге болады (кг)?

  102. Бордақылаудағы шошқа етінің сапасын қандай азықтар төмендетеді?

  103. Шошқаны бордақылағанда еттің сапасын жақсартатын азықтар?

  104. Жасыл конвейер ұйымдастырудың маңызы?

  105. Қанттық минимум дегеніміз не?

  106. Күйіс қайыратын малдарға қай малдар жатады?

  107. Азықтандыру нормасы дегеніміз не?

  108. Сиырды үдеме саууды қашан бастайды?

  109. Рацион деп нені айтамыз?

  110. Сиыр өз организмін физиологиялық нормада ұстап тұруы үшін әр 100 кг тірідей салмағына қанша азық өлшемін қажет етеді?

  111. Сиыр әр 100кг тірілей салмағына орташа қанша кг құрғақ зат қажет етеді?

  112. Сауын сиырға 100 кг тірілей салмағына өнімділігіне қарай неше кг ірі азық беруге болады?

  113. Бұзауды жасанды сүтпен қай уақыттан бастап азықтандыруға болады?

  114. Бұзауды № 2 тізбек бойынша азықтандырғанда қанша кг көк сүт беріледі?

  115. Ірі қара төлінің сүт ему ұзақтығы (ай)?

  116. 1кг сүт түзілуі үшін сауын сиырға қажет азық өлшемі?

  117. Қозыны енесінен қанша айлығында ажырату қажет (жүнді бағыт)?

  118. Биенің желінінде 1кг сүт пайда болуы үшін қанша азық өлшемі қажет?

  119. Құлын 1кг қосымша салмақ қосуы үшін орташа тәулігіне қанша кг бие сүтін емуі қажет?

  120. Жұмыс атына жұмыстың ауырлығына байланысты әр 100кг салмағына қанша грамм ас тұзы қажет?

  121. Товарлы фермаларда торайлар неше ай енесін емеді?

  122. Торай қан аздығы ауруымен ауырмас үшін не беруге болады?

  123. Торайды жедел етті бағытта бордақылағанда 1кг қосымша салмаққа қанша азық өлшемі жұмсалады?

  124. Сапалы ет алу үшін қандай шошқаларды жедел бордақылауға қояды?

  125. Торайды енесінен 2 айлығында айырғанда салмағы қанша кг-нан кем болмауы керек?

  126. Ауыл шаруашылық құстарын азықтандыру типтері?

  127. Шошқа үшін қорытылатын және алмасу энергиясының ара қатынасы қандай?

  128. Сауын сиырды азықтандыру нормасы қандай жағдайларға байланысты?

  129. Суалған буаз сиырлардың рационындағы қант пен протеиннің ара қатынасы?

  130. Суалған буаз және сауын сиырдың рационындағы шикі май мөлшері (рацион құрғақ затындағы пайызы)?

  131. Бұзауды 6 айлығына дейін 1,2,3 схемалар бойынша азықтандырғанда 6 айлығында бұзау қанша салмақта болуы қажет?

  132. Бұқаның 100кг салмағына ұрық алуға пайдаланбаған кезде қанша (МДЖ) алмасу энергиясы қажет?

  133. Асыл тұқымды бұқаның әр 100 кг салмағына неше кг сүрлем беру керек?

  134. Ересек ірі қара малды бордақылағанда 1кг қосқан салмағына қанша азық өлшемі жұмсалады?

  135. Асыл тұқымды бұқаға әр 100кг тірідей салмағына қанша (кг) жем және пішен беруге болады?

  136. Сауын сиырға әр 100кг салмағына берілетін шырынды азықтардың мөлшері қанша?

  137. Ірі қараны жоммен бордақылау мерзімі неше күн болғаны жөн?

  138. Сауын сиыр рационындағы шикі клетчатка рацион құрғақ затының неше процентін құрайды?

  139. қоздаған 1 бас саулыққа бір қозысымен тәулігіне орташа есеппен қанша (кг) көк балауса беруге болады?

  140. Буаз саулыққа берілетін шырынды азықтардың тәулііктік орташа мөлшері (кг)?

  141. Қоңдылығы ортадан төмен саулықтардың қоңын көтеру үшін негізгі азықтандыру нормасына қанша мөлшерде азық өлшемін қосу қажет?

  142. Орта ауырлықта жұмысқа пайдаланатын жұмыс атына берілетін жемнің (кг) мөлшері?

  143. Сауын биенің 100кг салмағына қанша азық өлшемі керек?

  144. Мініс жылқысының буаз биесіне әр 100кг тірілей салмағына қанша азық өлшемі қажет?

  145. Айғырға 100кг салмағына қанша кг құрғақ зат қажет?

  146. Жылқының рационындағы шикі клетчатканың мөлшері орташа қанша процент болуы керек (рациондағы құрғақ заттан)?

  147. Орташа ауырлықта жұмысқа пайдаланылатын жұмыс атына тәулігіне неше кг көк азық беруге болады?

  148. Айғырға әр 100кг салмағына ұрық алғанда және ұрық алмаған кезде қанша азық өлшемі қажет?

  149. Қабанға тәулігіне берілетін шырынды азықтардың орта мөлшері (кг)?

  150. Жемді типпен азықтандырғанда шошқаның рационында жемнің үлесі неше процент болады?

  151. Енесін еміп жүрген торайларға қай күннен бастап жем беруге болады?

  152. Асыл тұқымды 2 жасқа дейінгі қабанның әр 100кг салмағына тәулігіне қанша азық өлшемі қажет?

  153. Асыл тұқымды қабанға тәулігіне берілетін жемнің оптимальды мөлшері?

  154. Мегежін рационның құрамындағы шикі клетчатка қанша процент болғаны дұрыс (рацион құрғақ затында)?

  155. Торайға қуырылған арпаны ұандай мақсатта береді?

  156. Буаз мегежіннің жасына байланысты буаздық кезеңінде қанша кг салмақ қосуы қажет?

  157. Торайға неше айлығына дейін майын айырмаған сүт береді?

  158. Жұмыртқалайтын тауыққа берілетін 100г құрама жемнің құрамында қанша процент клетчатка болуы қажет?

  159. Қаздарға тәулігіне орташа қанша грамм құрама жем беру керек?

  160. Қай элементтің жеткіліксіздігінен тауық жұмыртқасының қабыршығы жуқаланады?

  161. Жас балапандардың және ересек сақа тауықтардың ас қорыту органдарында азық неше сағатта қорытылады?

  162. Сақа үйрекке тәулігіне қанша грамм құрама жем беруге болады?

  163. Күйіс қайыратын малдар үшін қорытылатын және алмасу энергиясының ара қатынасы қандай?

  164. Малды құнарлы және толық құнды азықтандыру дегеніміз не?

  165. Бұзауды 2 схема бойынша қыс кезінде азықтандырғанда пішен, сүрлем, тамыржемісті, жемді жеуге қай уақыттан бастап үйрету қажет?

  166. Тұқымдық бұқаның қыстық рационындағы қоректілігі бойынша жеке азықтардың үлес салмағы (%) қанша?

  167. Сиырдың қоңдылығы ортадан төмен болса, азықтандыру рационына қанша азық өлшемін қосымша қосуға болады?

  168. Асыл тұқымды бұқалардың қыстық рационында жемнің үлес салмағы қанша (процент) болуы керек?

  169. Суалған буаз сиырларды азықтандыру ерекшеліктері және мақсаты?

  170. Саулықтың рационындағы 1 азық өлшеміне қанша грамм протеин беруге болады?

  171. 1 қозылы емізетін саулыққа негізгі нормаға қосымша қанша қоректік заттар беруге болады?

  172. Рацион құрғақ затындағы шикі клетчатканың (%) ересек қой рационындағы қалыпты мөлшері?

  173. Қойға тірілей салмағына шаққанда қанша кг құрғақ зат қажет?

  174. Қойды жедел бордақылауға қою үшін қойылатын негізгі талап?

  175. қошқарды ұрық алуға пайдаланған кезде рационның құрылымы жаз айларында қандай болуы керек?

  176. Саулықтың буаздылығының екінші кезеңінде (жүнді) 1 азық өлшеміне қанша негізгі қоректік заттар қажет?

  177. Өсімге қалдырылған ұрғашы тоқтының тәуліктік азықтандыру рационы (қыс айына)?

  178. Ұрық алу кезінде қошқарға тәулігіне қанша азық өлшемін беруге болады (жүнді бағыттағы)?

  179. Буаз биені жеңіл жұмысқа пайдаланғанда азықтандыру нормасын неше процентке дейін көбейтуге болады?

  180. Асыл тұқымды айғырлардың рационында қанша процент жем болуы керек?

  181. Асыл тұқымды биенің рационындағы 1 азық өлшеміне келетін (грамм) қорытылатын протеиннің қалыпты мөлшері?

  182. Буаз биенің қыстық рационының құрылымы?

  183. Жұмыс атына жұмыстың ауырлығына байланысты әр 100кг салмағына қанша азық өлшемі қажет?

  184. Жұмыс атына 1 азық өлшеміне қанша қорытылатын протеин, кальций, фосфор, каротин қажет?

  185. Торай емізетін мегежіннің әр 100кг салмағына және қосымша әр торай үшін қанша кг азық өлшемін береді?

  186. Жас шошқаны бордақылағанда азықпен енген энергияның қанша проценті қосымша салмаққа (өнімге) және тіршілігін қамтамасыз етуге жұмсалады?

  187. Торай емізетін мегежінге әр азық өлшеміне қанша грамм қорытылатын протеин болуы қажет?

  188. Енесінен айырылған торайдың (3-4 айлық) рационының құрылымы %?

  189. Торайды беконды бордақылауға қойғанда тәуліктік қосымша салмағы қанша болуы керек?

  190. Жұмыртқалайтын тауықтарға тәулігіне орташа қанша грамм құрама жем беруге болады?

  191. Сақа үйрекке тәулігіне неше грамм құрама жем беруге болады?

  192. Жұмыртқалайтын мекиеннің 100г құрама жемінде неше процент кальций болуы керек?

  193. Бройлер шөжелеріне арналған 100г құрама жеміндегі алмасу энергиясының мөлшері (ккал)?

  194. Үйректің рационының  %-тік құрылымы (орта есеппен).  

  195. Азықтың құрамындағы протеиннің неше проценті ет және жұмыртқа белогына айналады (азық конверсиясы)?

  196. Жұмыртқалайтын тауықты толық құрамды азықпен азықтандырғанда 10 жұмыртқаға, 1кг қосымша салмаққа қанша құрама жем қажет?

  197. Қаздың рационында қанша процент протеин болғаны жөн?

  198. Күрке тауықтың рационында қанша процент протеин болуы керек?

  199. Тауық рационының орташа құрылымы (%)?

  200. Ересек үйректерге арналған 100гр құрама жемнің құрамында неше процент шикі протеин болуы керек?

 

Қолданбалы мен ситуациялық тапсырмалар

  1. Тәулігіне 4кг жоңышқа пішенін, 2кг бидай сабанын, 30кг жүгері сүрлемін, 1кг арпа, 2кг бидай кебегін жеген сауын сиыры орта есеппен құрамында 2,0% протеині: 0,5% май. 6,6% клечаткасы, 6,0% азотсыз акстративті заттары бар 25кг тезек тастаса, қорытылу коэффициенттері қандай болмақ?

  2. Мал азықтарының химиялық құрамын және қорытлу коэффициентін қолдана отырып 1 кг беде шөбінің қоректілігі қанша сұлылық, крахмалдық азық өлшеміне тең екендігін анықтаңыз. Азықтардың химиялық құрамы мен қорытылу коэффициенттері  анықтамалықтардан алынады.

  3. Мал азықтарының химиялық құрамын және қорытлу коэффициентін қолдана отырып 1 кг азықтық қызылшаның, қоректілігі қанша сұлылық, крахмалдық азық өлшеміне тең екендігін анықтаңыз. Азықтардың химиялық құрамы мен қорытылу коэффициенттері  анықтамалықтардан алынады.

  4. Мал азықтарының химиялық құрамын және қорытлу коэффициентін қолдана отырып 1 кг жүгері жармасының қоректілігі қанша сұлылық, крахмалдық азық өлшеміне тең екендігін анықтаңыз. Азықтардың химиялық құрамы мен қорытылу коэффициенттері  анықтамалықтардан алынады.

  5. Мал азықтарының химиялық құрамын және қорытлу коэффициентін қолдана отырып 1 кг күнбағыс күнжарасының қоректілігі қанша сұлылық, крахмалдық азық өлшеміне тең екендігін анықтаңыз. Азықтардың химиялық құрамы мен қорытылу коэффициенттері  анықтамалықтардан алынады.

  6. 0,6 кг арпадан, 1,0кг жүгеріден, 0,5 бұршақтан, 0,4кг күнбағыс шротынан, 0,5кг жартылай қантты қызылшадан тұратын, күніне 2,4% протеині бар 4,8кг тезек тастаған және 1,2% протеині бар 2л зәр шығарған мегежін рационының протеиндік игерілу коэффициентін есептеңіздер

  7. 0,8кг шалғын пішен, 0,5кг жоңышқа пішені, 3кг жүгері сүрлемі, 0,3кг арпа жармасы, 11г ас тұзынан тұратын саулық рационның минералдық құрамын бағалап, кестені толтырыңыздар.

  8. Сүрлемнің жалпы қышқылдығын анықтау, сапасын бағалау

  9. 1кг арпаның алмасу энергиясын ірі қара мен шошқаға есептеңіз

  10. 1 кг сұлының алмасу  энергиясын қой мен жылқыға есептеңіз

  11. 1 кг бидайдың алмасу энергиясын құсқа есептеңіз

  12. Тірілей салмағы 520 кг сауылатын сиырдың организміне күніне азықпен 488,3 г азот енді, сонымен қатар нәжісімен 190,8г, несебімен 118,7г, сүтімен 139,6г азот бөлініп шықты десек, сиыр организміне тәулігіне азықпен 8322г көміртегі енеді, нәжісімен 3048г, метанмен (СН4) 247г, несебімен 157г, тыныс алған ауамен 3132г,  сүтпен 1593г, барлық бөлініп шыққан көміртегі 8117г. осы сиыр малының организмінде қанша белок және май байланғанын есептеп шығарайық.

  13. 470кг салмақтағы майлылығы 3,4%  15л  сүт беретін сауын сиырдың құрғақ затын және азық өлшемін анықтап, кестені пайдалана отырып сиыр рационының нормасын есептеңіздер.

  14. 620кг салмақтағы майлылығы 3,8%  25л  сүт беретін сауын сиырдың құрғақ затын және азық өлшемін анықтап, кестені пайдалана отырып сиыр рационының нормасын есептеңіздер.

  15. Жүгері сүрлемі, астық-бұршақ тұқымдастар пішені, жаздық бидай сабаны, азықтық қызылша, құрама жем, минералды және витаминді қосындылардан тірілей салмағы 450кг, төмен қоңдылықтағы, сауымның төртінші айындағы тәулігіне сауылатын сүті 12кг, сүтінің майлылығы 3,8% сиырға рацион құрастырыңдар.

  16. Суалғанына 10 күн болған тірілей салмағы 500кг, жоспар бойынша 4000кг сүт беретін буаз сиырға қысқы рацион құру. Азықтарды өз қалауыңызша алыңыз.

  17. Шағылыс кезінде тәулігіне 2-3 рет ұрық алатын, салмағы 1100кг бұқаға қанша қоректі заттар қажет екенін анықтап, бұршақ тұқымдас пішен, жүгері сүрлемі, сәбіз, арпа, тары, соя күнжарасы, көк сүттен тұратын рацион құрыңдар. Жасалған рационды талдап, қандай қоректі заттар жетпейтінін анықтаңдар. Жетпейтін қоректі заттарды толықтыру үшін қандай азық беруге болатындығын көрсетіңдер.

  18. Салмағы 50кг буаздығының бірінші жартысыдағы жүнді, жүнді-етті тұқымды саулықтарға рацион құрыңдар. Азықтар: жоңышқа пішені, арпа сабаны, жүгері сүрлемі, қант қызылшасы, арпа жармасы.

  19. Шағылыс кезінде тәулігіне 2-3 рет ұрық алатын, салмағы 100кг жүнді-етті тұқымды қошқарларға қанша қоректі заттар қажет екенін анықтап, бұршақ тұқымдас пішен, жүгері сүрлемі, сәбіз, арпа, тары, соя күнжарасы, көк сүттен тұратын рацион құрыңдар. Жасалған рационды талдап, қандай қоректі заттар жетпейтінін анықтаңдар. Жетпейтін қоректі заттарды толықтыру үшін қандай азық беруге болатындығын көрсетіңдер.

  20. Шаруашылықта қолданатын енесін еметін торайларды азықтандыру схемасымен танысып, екі айлық торайларды өсіру үшін бір басына есептегенде қанша азық өлшемі қажет екенін есептеңдер.

  21. Үйірге қосқан салмағы 500кг желіс тұқымды айғырға рацион құрыңдар

  22. Жеңіл жұмысқа пайдаланатын  салмағы 500 кг буаз және құлынды биеге рацион құрыңдар.

  23. 22-47 апталық жұмыртқа бағытындағы тауықтарға арналған толық рационды 1000г құрама жемде қанша мөлшерде алмасу энергиясы, шикі протеин, шикі клетчатка болуы керек.

  24. Азықтағы «шикі» протеинді анықтау және есептеу барысы

  25. Азықтың химиялық құрамын анықтау әдістері