Басты бет / Жаңалықтар / Республикалық оқу-әдістемелік семинар басталды
Республикалық оқу-әдістемелік семинар басталды

Просмотров: 2991

#визитKAZATRU

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Білім беру үдерісіндегі инновациялар: жоғары мектеп теориясы, әдістемесі, тәжірибесі» тақырыбында Республикалық оқу-әдістемелік семинар басталды. Ол қантардың 15-і мен 25-і аралығында өтеді. 

Семинарға барлығы 500-ден астам адам қатысуда. Олар Астана қаласындағы және Қазақстанның басқа өңірлеріндегі 30-дан астам жоғары оқу орындары мен колледж өкілдері.

Семинарды өткізудің басты мақсаты - жоғары мектептің білім беру процесіне инновацияларды енгізу және қолдану саласындағы озық тәжірибе мен білім алмасу.

«Университет оқытудың сапасын және профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға көп көңіл бөледі. Мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен өткізілетін бұл семинар білім беру процесінің сапасын арттырудағы маңызды іс-шара болып табылады деп санаймын» деді семинарды ашқан Басқарма мүшесі – операциялық қызмет жөніндегі поректор С.Омаров өзінің құттықтау сөзінде.

Семинар жоғары мектептің білім беру процесіне инновацияны енгізудің көптеген өзекті мәселелерін қозғайды, атап айтқанда:

  • білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелері;
  • білім беру бағдарламаларының тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау критерийлері;
  • цифрлық технологияларды және оқытудың интерактивті әдістерін қолдану мәселелері;
  • оқу процесінде нейрондық желілерді, жасанды интеллектті қолдану;
  • педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру т.б.

Мұнан соң сөз алған ҚР ҰЭМ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ жетекші сарапшысы Наталья Новокшанова «Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттарының іске асырылуы» тақырыбында баяндама жасады.

Семинарда ҚазАТЗУ проректоры Р.Д.Абишева модератор болды. 2024 жылы ҰБТ-ның жаңа форматын енгізу бойынша ҚР ҒжБМ «Ұлттық тестілеу орталығы»РМҚК директоры Р.Т.Емелбаев баяндады.

«ЖОО саясаты: ПОҚ сапалық құрамы»  туралы ҚазАТЗУ проректоры Р.Д.Абишева ойын ортаға салды.

Бүгінгі бастаған семинардың маңыздылығына тоқталған ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Г.І.Көбенова семинар жұмысына жеміс тіледі.

XXI ғасырдағы білім берудегі ерекшеліктердің бірі оның интеграциялық сипаты болып табылады. Болон үдерісі аясында ұлттық білім беру жүйелері әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануда. Соған сәйкес, ҚазАТЗУ-дың жоғары мектеп теориясы мен тәжірибесіндегі білім беру мазмұнын өзгерту арқылы интеграциялық үдерісті ескере отырып мамандарды даярлау сапасын қамтамасыз ету жағдайы мен мүмкіндіктері туралы республикалық семинар өткізуі заман талабы.