Просмотров: 56
2026 жылғы 11 қыркүйекте ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапхана алаңында кітап оқуды насихаттау және жастарды ынталандыру мақсатында «KitapTime – 2026» V жалпы республикалық кітап фестивалі өтті. Іс-шараға С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің қазақ және орыс тілдер кафедрасының аға оқытушысы Г.Т. Омарованың жетекшілігімен 03-074-26-11 – «Геодезия және картография» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты.
Фестиваль бағдарламасы аясында баспалардың көрме-жәрмеңкесі, қолөнер шеберханалары, Bookcrossing алаңы, «Жасөспірімдерге арналған оқу залының ашылу салтанаты», «Оқитын ұрпақ: жаңа оқырманды қалыптастырудың заманауи жолдары» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел, «Ауылға кітап» акциясы өткізілді.
Фестивальдің негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттау, жастардың рухани-мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, отандық және әлемдік әдебиетпен таныстыру, сондай-ақ жаңа оқырман ұрпақты қалыптастыру.
Университет студенттері көрме-жәрмеңке, шеберханалар, интеллектуалдық ойындар мен кітап тұсаукесерлеріне қатысып, танымдық көкжиектерін кеңейтті. Іс-шара білім алушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, мәдениетаралық диалог алаңында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
«KitapTime – 2026» фестивалі жастардың бойында кітап оқуға деген құрметті қалыптастырып, ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарды дәріптеуге ықпал ететін маңызды рухани-ағартушылық іс-шара ретінде есте қалды.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.