Басты бет / Жаңалықтар / 14 наурыз - Көрісу күні, Амал мерекесі!
14 наурыз - Көрісу күні, Амал мерекесі!

Просмотров: 378

Күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі, жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару күні, бүкіл әлемге береке, бақыт пен бейбітшілік дарытатын Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз мерекесін халқымыз көрісуден бастаған.

14 наурыз күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Әкімшілік-басқару ұжымында, департаменттер мен барлық факультеттерде Көрісу күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, Бата беру дәстүрі көрсетілді.