Басты бет / Жаңалықтар / 21 Наурыз-Ынтымақ күні
21 Наурыз-Ынтымақ күні

Просмотров: 649

      21 наурыз күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Наурызнама аясында белгіленген «Ынтымақ» күніне арналған Жалпыұлттық телемарафон өтті. Телемарафонға Түркия мемлекеті Анкара Хажы Байрам Вели университетінің ұстазы, Филология ғылымдарының кандидаты Бисмильдина Динара Досымжанқызы, Өзбекстаннан Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің доценті Абдуллаева Улфат Тураханқызы,  Қарақалпақстаннан Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтының ұстазы Торкумбаева Тұрсынай Әбдіғазықызы мен институт ұжымы, Италияның Генуя университетінің Радио және теледидар мамандығы бойынша Режиссерлік бөлімінің 2 курс докторанты және сол елдерде тұратын қандастарымыз қатысып, Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесімен бір-бірін құттықтап, ыстық ықыластарын білдіріп, сәлемдерін жолдады.

Елімізден ыстық сәлем болсын деген ниетпен алғашқы сөзді Басқарма мүшесі-Студенттер ісі жөніндегі проректор, филология ғылымдарының докторы Жайнагүл Айтмағанбетқызы Құсайынова алып, барлық қандастарымызды Наурыз мерекесімен құттықтады.

Мерекелік құттықтау телемарафоны тікелей эфирде көрсетілді.  Эфир барысында ҚАТЗУ  өнерпаз студенттері қандастарымызға шағын концерт ұйымдастырды.