Басты бет / Жаңалықтар / Агрономия факультетінің 1-курс студенттеріне «Ар-намыс» кодексін түсіндіру жұмысы жүргізілді
Агрономия факультетінің 1-курс студенттеріне «Ар-намыс» кодексін түсіндіру жұмысы жүргізілді

Просмотров: 993

Жуырда университеттің Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменттің мамандары Агрономия факультетінің 1-курс студенттеріне «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» студентінің Ар-намыс кодексін түсіндіру жұмысын жүргізді. Түсіндіру жұмыстарына факультеттің 1-курсының  8 қазақ тобынан - 185 студент, 4 орыс тобынан - 56 студент тартылды.

Білім алушылары Ар-намыс кодексінің университет аумағында және басқа да қоғамдық орындарда күші бар екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар, студенттерге құқықтары мен міндеттері және ішкі нормативтік-құқықтық ережелері туралы ақпараттар берілді

    Түсіндіру жұмыстарын Мәдени-бұқаралық жұмыс жөніндегі департамент директорының орынбасары Г.Е.Байдалина мен департаменттің аға менеджері Т.З.Канафин өткізді. Кездесулерде факультет деканы Аринов Б.К., тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Жұбатқанов А.Ә., факультет оқытушылары: Тлеппаева А.А., Калашинова Л.К., Тлеулина З.Т., қатысты.