Басты бет / Жаңалықтар / «Ақын мен ажал»
«Ақын мен ажал»

Просмотров: 819

Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің  «Ақжелкен» студенттер театры ақын Ғазиз Ештанаевтың «Ақын мен ажал» драмалық қойылымын сахналады.

Қойылымды тамашалауға университет оқытушылары мен студенттер келді.

Спектакльде Сәкен Сейфуллиннің жазықсыз тұтқындалып, абақтыда жатқан азапты күндері, қазақ халқының, ұлт зиялыларының басына түскен қайғы-қасірет пен нәубет жылдары шынайы көрсетілді. Бұл тұста қойылым режиссерлері Нұрфат Вахитов пен Думан Омаровтардың  еңбегін атап өткен жөн. Сәкеннің бейнесін сомдаған университеттің мәдени-бұқаралық жұмыс жөніндегі департамент менеджері Жангелді Маратов көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.

Сонымен қатар, Еламан Сәдуақасов,  Айсұлу Сыйлағанова, Мөлдір Қуанышбай, Сымбат Сұралина, Сабина Жексенбай, Дамира Тоғжанова, Мұхамедьяр Сақтапбаев, Береке Жолтай, Айгерім Қайпен, Ұлан Тұрсын, Назерке Қожабекова, Жанна Нұржан, Ұлболсын Орынбасар, Нұрдәулет Айтмырза секілді студенттер көрерменді шебер ойынымен тәнті етті.