Просмотров: 1162
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-де халқымызға «Нурикамал» атауымен таныс ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Құрметті жазушысы Ханбибі Есенқарақызымен кездесу кеші өтті.
Сейфуллин университетінде өткен кешке университет студенттері мен оқытушылар келді. Ақынмен кездесуге студенттерден бөлек, зиялы қауымның өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері Ләззат Сүлейменова келіп, көрермендер арасынан табылды.
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ студенттік мәселелер жөніндегі поректоры Ж.А.Құсайынова жиналған қауымды кеш қонағының өмірі мен қызметі және шығармашылық жолынан хабардар етті.
Жүргізуші, К.Байсейітова атындағы өнер университетінің оқытушысы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ақын Баянғали Ғалымжанов «Ханбибі Есенқарақызы - қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі», - деп ақынның бүгінге дейін 72 кітабының жарыққа шыққанын, сондай-ақ шығармаларының орыс, түркі, қырғыз, татар, башқұрт, өзбек, түркімен тілдеріне аударылып басылғанын атап өтті.
Б.Ғалымжанов кездесу барысында ақынның өмір жолы, шығармашылығы мен поэзия әлеміне қосқан үлестері туралы қысқаша баяндап отырды.
Негізі бұл жүздесуді ақын мен жастар арасындағы сырласу кеші десек те болғандай.
Күй тартып, ақын әндерін шырқаған Сейфуллин университетінің студенттері көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйласа, ақын апамыздың сыршыл лирикаға толы әндері кездесуге ерекше әсер берді.
Ханбибі Есенқарақызы өз шығармашылық жолындағы қызықты естеліктерімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Мұнда ақынның шығармашылық жолындағы маңызды сәттері мен қазақ поэзиясы тысқары қалмады.
«Жақсы өлең жайшылықта емес, қайшылықта туады», - дейтін ақын апамыз студенттер қойған сауалдарға жауап бере келіп, ақын болған соң дүниенің әр құбылысына таңырқап қарайсың, дей келе қазақ поэзиясындағы ақындардың бойындағы әдебиетке деген сүйіспеншілік пен ұлтқа деген махаббаттан туатынын дәл айтты.
Кеш барысында ақын апасының шашбауын көтере келген мемлекет және қоғам қайраткері Ләззат Сүлейменова жастарға айтар игі тілектерін оймақтай ойлармен жеткізді.
Кеш соңында жастарға мағыналы әңгімесі арқылы рухани ләззат сыйлаған Ханбибі Есенқараевамен студенттермен бірге естелікке суретке түсті.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.