Басты бет / Жаңалықтар / «Ақжелкен» студенттік театры жеңімпаз атанды
«Ақжелкен» студенттік театры жеңімпаз атанды

Просмотров: 534

С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ «Ақжелкен» студенттік театры «ІІІ Umit – 2024» республикалық студенттік театрлар фестивалінде бірінші орынды жеңіп алды. Студент жастарымыз көрермендерге жазушы, драматург Ғазиз Ештанаевтың «Ақын мен Ажал» қойылымын ұсынды.

«ІІІ Umit – 2024» Республикалық фестиваль 03-04 сәуірде Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Махамбет Өтемісұлы атындағы университетінде өтті. Оған Астана қаласы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің “Ақжелкен” студенттік театры; Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің “Үркер” студенттік театры; Алматы қаласы, Қыздар ұлттық педагогикалық университетінің “Өнер жастан” студенттік театры; Х.Досмұхамбедов атындағы Атырау университетінің “Саф”студенттік театры;  «Қорқыт-Ата» атындағы Қызылорда университетінің “Жауқазын” студенттік театры; Семей  қаласының Шәкәрім атындағы университетінің “Қаракөз” жастар театры және жергілікті жастар театрлары қатысты.

Фестивалді қорытындылай келе:

І- орынды Астана қаласы С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ “Ақжелкен”

студенттік театры жеңіп алды;

ІІ-орынды Қызылорда қаласы “Жауқазын” студенттік театры иеленді;

ІІІ- орынға Алматы қаласы “Үркер” студенттік театры ие болды.

Жеңімпаздарды шың жүректен құттықтаймыз!!!

Қазылар алқасы спектакльдің  қойылым деңгейін және ҚАТЗУ студенттерінің актерлік шеберлігін жоғары бағалады.

Айта кетейік, ҚАТЗУ - нің «Ақжелкен» студенттік театры 2007 жылы құрылған. Шығармашылық ұжымда 30-дан астам жас талантты әртіс өнер көрсетеді. Олар көптеген республикалық, қалалық байқауларда бірнеше мәрте топ жарған.