Просмотров: 988
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Ақжелкен» студенттер театры 26 ақпан күні «Жастар театры» ғимаратында С.Сейфуллиннің 130 жылдығы аясында Ғазиз Ештанаевтың «Ақын мен ажал» драмалық қойылымын қалың көрерменге ұсынды.
Спектакльге көрермен ретінде арнайы шақырылған мемлекет және қоғам қайраткерлері, өнер майталмандары, университетіміздің ұстаздары мен студенттер қауымы және қала тұрғындары болды.«Ақжелкен» студенттік театрының студент-актерлері қойылымға үлкен дайындықпен келіп, өздеріне жүктелген жауапкершілікті жоғары кәсіби деңгейде сахналап, көрермен қошеметіне бөленді. Қойылым режиссерлері Нұрфат Вахитов пен Думан Умаровтардың еңбектерін де ерекше атап өту керек.
Спектакльде баяндалған негізгі көрініс Сәкен Сейфуллиннің жазықсыз тұтқындалып, абақтыдағы азапты күндері, қазақ халқы мен қазақ зиялыларының басына түскен қайғы-қасірет пен ашаршылық жылдары суреттелген. Басты рөлді, яғни, Сәкеннің бейнесін сомдаған, Экономика факультетінің 4 курс студенті Жангелді Маратов өз өнерімен қалың көрерменнің қошеметіне бөленді. Сонымен қатар, спектакльге қатысқан Техникалық факультетінің студенттері: Балдырған Аманжолқызы, Аяулым Өтепберген, Еламан Сәдуақасов, Назым Қуантаева, Айсұлу Сыйлағанова, Мөлдір Қуанышбай, Ақжарқын Серікбол, Сымбат Сұралина, Сабина Жексенбай, Шырайлым Жеңіс, Дамира Тоғжанова, Мұхамедьяр Сақтапбаев; Агрономиялық факультеттің студенті Нұржігіт Мелден; Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультеттерінің студенттері Береке Жолтай, Әділ Махамбетов; Энергетикалық факультетінің студенттері Айгерім Қайпен, Ұлан Тұрсын, Назерке Қожабекова; Орман шаруашылығы факультетінің студенттері Жанна Нұржан, Ұлболсын Орынбасар; Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің студенттері Дінмұхаммед Ибрагимұлы, Нұрдәулет Айтмырза өз өнерлерін көрермендерге ұсынып, келген қонақтарды шебер ойындарымен тәнті етті.
Спектакльден соң, Басқарма төрағасы-ректор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Маратұлы Тіреуов студенттердің өнеріне риза болып, жас өнерпаздарға шығармашылық табыс тіледі. Кеш соңында сахнаға мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов пен драматург, актер, әнші, сәкентанушы ғалым Қанат Құрмашұлы Жүнісов шығып өнерпаз жастарға шығармашылық табыс тілеп, университет басшыларына ризашылықтарын білдіріп, рақмет айтты.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.