Басты бет / Жаңалықтар / Алдын алудың жетілдіру жүйесі талқыланды
Алдын алудың жетілдіру жүйесі талқыланды

Просмотров: 755

Бүгін мамыр айының 22 күні университеттің комплаенс бақылау және корпоративтік әдеп жөніндегі Кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.

Кеңес отырысының күн тәртібінде Сәкен Сейфуллин атындағы агротехникалық зерттеу университетінің 2024-2025 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жұмыс жоспарының орындалысы қаралды.

Кешенді жұмыс жоспарының тармақтарын жеке-жеке талқылап, Кеңес мүшелері өздерінің пікірлерін білдірді.

Отырыс соңында кешенді жоспарды сапалы және өз мәнінде орындау бойынша тиісті ұсыныстар берілді.