Просмотров: 1444
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде “Алтын домбыра” атты жоғарғы оқу орындары мен колледждер арасында күйшілер байқауы өтті.
Сейфуллин университеті өнерлі жастарды қолдау мақсатында “Алтын домбыра” күйшілер байқауы ұлттық құндылықтарды дәріптеуді көздейді. Бұл байқаудың басты мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеу, студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырып, күй өнерін насихаттау.
Нағыз қазақ ежелден - қара домбырасын қастерлеп, төрден орын берген. Бабаларымыз табиғаттың, тіршіліктің үнін домбыраның пернесіне салып, күмбірлеген әсем әуендерді домбыра арқылы өмірге әкелген.
Өнердің қайнар бұлағы халықта. Қазақ халқы қасиетті өнерді бағалап, қастерлеген. Бүгіндері қасиеті мол қара домбыраның күмбірлеген үні арқылы қазақ әуендерін әлем жұртшылығы тануда.
Байқаудың шартына байланысты 16 және 21 жас аралығындағы ЖОО ны мен колледж студенттері қатысып, өз қалауларынша бір шерпе күй және бір төкпе күй орындады.
“Алтын домбыра” күйшілер байқауына Еуразия ұлттық университеті, Астана медицина университеті, Тұран университеті, Астана халықаралық университеті, Astana IT University, Astana IT University колледжі, Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжі мен Қазақ агротехникалық зерттеу университеті студенттері қатысты.
Байқаудың қорытындысы боцынша Гран Приді Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенті Гүңшебайұлы Ерен қанжығасына байласа, 1 орынды Тұран университетінен Тұрсын Нұртас, 2 орынды Еуразия ұлттық университетінен Кәріғожа Арай мен Астана халықаралық университетінен Сембаев Ілияс, 3 орынды Астана халықаралық университетінен Қасымова Әмина, Astana IT University студенті Салтанбай Күннұр мен Қазақ агротехникалық зерттеу университетінен Қалдыбек Ерсін иеленді.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.