Басты бет / Жаңалықтар / Ақмарал Серікқалиқызы: плагиатқа қарсы жүйе құралының көмегімен елімізде академиялық адалдық саясатын жетілдіру қажет
Ақмарал Серікқалиқызы: плагиатқа қарсы жүйе құралының көмегімен елімізде академиялық адалдық саясатын жетілдіру қажет

Просмотров: 3234

#визитKAZATRU

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің базасында өтіп жатқан «Білім беру үдерісіндегі инновациялар: жоғары мектеп теориясы, әдістемесі, тәжірибесі» тақырыбындағы Республикалық оқу-әдістемелік семинарда «Плагиатқа қарсы жүйе құралының көмегімен жоғары оқу орындарында Академиялық адалдық саясатын жетілдіру» тақырыбында ҚР Plagiat.kz-тің бизнесті дамыту бойынша менеджері Ақмарал Серікқалиқызы Кужиева баяндама оқыды.

Пленарлық сессияға онлайн және офлайн форматта ҚазАТЗУ-дың және Қазақстанның басқа өңірлеріндегі 30-дан астам жоғары оқу орындары мен колледждердің 100-ден астам профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

Семинарда Ақмарал Серікқалиқызы плагиатқа қарсы жүйе құралы (plagiat.kz ) мен оны дұрыс қолдану туралы және төмендегі мәселелер бойынша егжей-тегжейлі баяндады:

  1. Академиялық салада студенттер арасында қолданылатын плагиат пен техникалық қателіктің айырмашылығы қандай?
  2. Студенттің жазбаша жұмысын тексеру барысында оқытушы қандай мәселеге көңіл бөлген жөн?
  3. Академиялық процестегі жасанды интеллект: қиындықтар мен мүмкіндіктері қандай?
  4. Жасанды интеллектті теріс бағытта пайдалану дегеніміз не?
  5. Мәтінмен жұмыста жасанды интеллекті дұрыс қолдану (дәйексөз келтіру)
  6. Жасанды интеллектті пайдаланудың әлеуетті көрсеткіштері
  7. Мәтінді өзгертіп жазу (мәтіннің түпнұсқасын сақтай отырып, автордың мәтінді өз сөзімен қайталап жазуы - Paraphrasing)
  8. Автордың еңбектеріне сілтемелерді қалай рәсімдеу керек?
  9. Студенттің жұмысын тексеріске жібермес бұрын қалай алдын-ала жасырын түрде тексеруге болады?

Академиялық салада осы және өзге де мәселелердің алдын-алу үшін 2023 жылы қазақстандық компания американдық-канадалық бағдарламашылар әзірлеген қосымша жүйе ойлап тапқан. Аталған компания бүгінгі таңда қазақстандық 70 % жоғары оқу орындарымен серіктес.

Ақмарал Серікқалиқызының айтуынша, жасанды интеллектпен (ChatGPT) жазылған мәтінге сілтемені әдебиеттер тізімінде скриншот ретінде көрсетуге болады. Ал әдебиеттер тізімін втордың түпнұсқа еңбегіне сілтеме) рәсімдеу барысында біздің елімізде және батыста шамалы айырмашылықтар бар.

Антиплагиаттық мәселелерді түгел қарастырған Ақмарал Кужиеваға семинарға қатысушылар қызықты сұрақтар қойып, көңілдегі сауалдарына толықтай жауап алды.

Ясмина Найзақұл