Басты бет / Жаңалықтар / «Ауыл» партиясы ауыл жастарының басын қоспақ
«Ауыл» партиясы ауыл жастарының басын қоспақ

Просмотров: 1454

18 ақпан күні «Ауыл» партиясының өкілдері университетімізге келіп, «Auyl Jastary» жастар қанатының бөлімшесі ашылғанын хабарлады. Бұл – ауыл жастарының басын біріктіріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын үлкен қадам екенін түсіндірді. Алдағы уақытта студенттер үшін түрлі жобалар, кездесулер мен бастамалар жүзеге асырылады. Бірлескен іс-шаралар, ауыл жастарының дамуына бағытталған жобалар мен тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылатынын айтты.

Жаңа бөлімшенің жетекшісі болып Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департамент менеджері Жангелді Маратов тағайындалды. Ол жастардың бастамаларын қолдап, олардың білім алуына, кәсіптік бағдарлануына және ауылдық жерлерде жаңа мүмкіндіктерді игеруіне жағдай жасамақ. Алдағы уақытта университет жастары үшін түрлі білім беру бағдарламалары, тәжірибелік жобалар мен әлеуметтік бастамалар іске қосылады.