Просмотров: 3467
Бұдан 87 жыл бұрын қызыл үкімет қазақ халқының зиялыларын қынадай қырып салды. Қасірет қанына боялған қаралы күнді қазақ халқы ешқашан жадынан шығарған емес. Ұлты үшін оққа ұшқан батыр бабаларды жыл сайын еске алу дәстүрге айналды.
25 ақпан күні Алаштың ардақтысы, ақын Сәкен Сейфуллин репрессияның құрығына ілініп атылған болатын. Атаулы датаға орай, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде іс-шаралар өтуде. Кешелі бері университетіміздің аграрлық факультетінде ақын өмірінің соңғы кездерінен сыр беретін Ғазиз Ештанаевтың «Ақын мен Ажал» спектаклі көрсетілді.
Бүгін елордамыздың Сәкен Сейфуллин атындағы 80 мектеп-гимназиясының, Мағжан Жұмабаев атындағы 65 мектеп-гимназиясының, Қаныш Сәтпаев атындағы 61 мектеп-лицейінің, Ілияс Жансүгіров атындағы 58 мектеп-гимназия оқытушылары мен 10-11 сынып оқушылары кәсіптік бағдар алу үшін және Сәкен Сейфуллиннің атылғанына 87 жыл толуына орай С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ келіп, университеттің корпустарында болып, кітапхана мен музейді көріп, оркестірдің өнеріне тәнті болып, «Ақжелкен» жастар театрының қатысушылары қойған ақын Ғазиз Ештанаевтың «Ақын мен Ажал» спектаклін тамашалады.
Сәкен Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Сәкеннің туған күні мен атылған күнін атап өтуді өзіне парыз еткен. Қойылымды тамашалауға келген қадірлі меймандардың алдына шығып, бір жағынан Сәкен аталарының өмір жолымен танысып, екінші жағынан кәсіби бағдар алған мектеп оқушыларының қадамына сәттілік тілеген С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Аппарат басшысы Ж.М. Жазықбаева университет басшылығы атынан балаларға, оларды алып келген мектеп басшылығына алғыс айтты. Бұдан соң, іс-шараға келіп қатысқан С.Сейфуллин атындағы 80 мектеп – гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Данаш Темірбекова осы іс-шараны ұйымдастырған университет басшылығына, қойылымды қойған студенттерге алғыс білдірдіре келіп, мектеп пен университет арасындағы байланысты нығайту қажеттігі туралы айтты. «Ақжелкен» жастар театрының режиссері Думан Омаров университет жанындағы «Ақжелкен» жастар театры, «Шаттық» үйірмесі мен домбра оркестрі туралы оқушыларға мәлімет берді.
Жоғарғы сынып оқушыларының университетімізге экскурсиясы «Ақын мен Ажал» спектаклін тамашалаумен аяқталды.
Мақпал Орынбетова
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.