Басты бет / Жаңалықтар / Білім күніне арналған салтанат
Білім күніне арналған салтанат

Просмотров: 1985

Сейфулин университетіндегі 2024-2025 оқу жылының ашылу салтанаты Есіл өзені жағасында орналасқан Амфитеатрда ұйымдастырылды.

Мерекеге Қазақстан Республикасы Республикалық «Ұлан» қолбасшысы, генерал-лейтенант, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Ресей Федерациясының Әскери ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі А. Тасболатов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ж.Дайрабаев, Д.Тұрлыханов, А.Баққожаев, қоғам қайраткері, тіл жанашыры О. Асанғазы т.б. зиялы қауым өкілдері мен Сейфуллин университетінің басшылығы, оқытушылары мен студенттер қатысты.

Басқосуда сөз бастаған Абай Тасболатов, Дәулет Тұрлыханов, Оразкүл Асанғазы, Ж. Дайрабаев пен Анас Баққожаев  жаңа оқу жылымен университет ұжымы мен студенттерді құттықтап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауындағы басым бағытарға тоқталып, ЖОО дамытуда ауқымды жұмыс атқару міндеті жүктелгенін жеткізді.

Салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеген С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов оқу орнының профессор-оқытушылары мен студентерін, магистранттарын білім күнімен құтықтап, С.Сейфуллин университетінің әлемдік білім кеңістігінде алатын орнын, халықаралық инновациялық технологияларды игере отырып, білім беру сапасын арттыру жөніндегі игі істері туралы айта келіп,
- «Биыл университетке бакалавриат гранттарына түскен студенттердің саны өткен жылмен салыстырғанда 1,6 есе және 2022 жылмен салыстырғанда 2,5 есе өсті. Магистратура мен докторантураға бөлінген гранттар санын ескере отырып, біздің жоғары оқу орнына 2024-2025 оқу жылына түскен студенттердің жалпы саны – бес мыңға жуық.

Екіншіден, жаңа оқу жылында біздің университетке бөлінген мемлекеттік білім беру гранттарының саны   – 5000-ға жетіп, Республика бойынша жоғары оқу орындары арасында көшбасшылардың бірі болды.

Мұндай көрсеткіштер біздің университетіміздің жастар қалауына ие болған, беделді оқу орны екенін айқын дәлелдейді.

Ұлттық бағыттағы тәрбие мен озық білімді ұштастыра отырып, біз әлемдік стандарттарға сай өзіндік даму моделімізді қалыптастырып келеміз.

Біздің мақсатымыз – студенттерімізге тиісті білім беріп қана қоймай, олардың рухани өрісін кеңейту, Ел мен Жердің қасиетін бағалайтын азамат етіп тәрбиелеу», - деді Қанат Маратұлы.

Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.