Просмотров: 1247
29 қараша «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігі Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» КММ қолдауымен жоғары оқу орындары мен колледждер арасында бұрымы ұзын бойжеткендер арасында «Шашбаулым» атты қалалық сайыс өткізді.
Сайыс қазақ халқының салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын заманға сай жаңғырту, жастар арасында насихаттау, ұлттық киімді және дәстүрлі рухани құндылықтарды жастар арасында дәріптеу, қыздарды мәдени-этикалық, рухани-танымдық құндылыққа тәрбиелеу, ұлтымыздың уызын, нәрін, сәнін бойжеткендердің бойына сіңіру арқылы қыздардың әсемдік, көркемдікке деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында өткізілді.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Басты шарты - бұрымдары ұзын болуы керек. Мұнан өзге, өз-өздерін таныстыру, шығармашылық қабілеттерін көрсету және салт-дәстүр, мақал-мәтелдер бойынша сұрақтарға жауап беру қажет.
Аталмыш сайыста Астана қаласынан 17 қыз бақ сынады. Сайыстың қорытындысы бойынша университетіміздің намысын қорғаған ару қызымыз Әбілмансұрова Аружан ІІ- орынды жеңіп алды. Арнайы кубок, диплом және ұлттық нақыштағы бағалы сыйлықтармен, тақырыпқа сай кітаптармен марапатталды.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.