Просмотров: 1638
Кеше, 2024 жылдың 4 желтоқсанында "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн!" акциясы аясында «Отбасындағы зорлық-зомбылық, тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу" тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Іс-шараның дәріскерлері: Астана қаласы полиция департаментінің Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспектор полиция капитаны Катимова Гүлнара Қанатқызы және Сарыарқа ауданының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Жаниспаев Азамат Асанұлы.
Кездесу барысында, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспектор және учаскелік инспектор, полиция капитаны Азамат Асанұлы жастармен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері және оны алдын алу, тұрмыстық-отбасылық құқық бұзушылықтарды, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу және жеке тұлғаға салынатын құқық бұзушылықтар үшін айыппұл мөлшері туралы бөлісті.
Дәрістің соңында, студенттерге Гүлнар Қанатқызы қатер төнген жағдайда қандай белгі беруге болатынын көрсетті және профилактикалық бақылаудың тиімді және уақытылы шараларын қолдану, қылмысты азайтуға және қауіпсіз қоғамға апаратын жол екенін атап өтті. Іс-шараға 230 студент қамтылды.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.