Басты бет / Жаңалықтар / Елорда көлемінде өткен сурет байқауынан
Елорда көлемінде өткен сурет байқауынан

Просмотров: 1303

24 ақпан күні Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығы аясында «Ұлы тұлға келбеті» тақырыбындағы және «Табиғат сенің өз үйің» атты экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған Астана қаласы студенттері және оқушылары арасында сурет салу байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты: студенттер мен оқушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау.

Байқаудың қазылар алқасы құрамында Мәдениет қайраткері, профессор, Өнер академиясының академигі, ҚР суретшілер Одағының мүшесі- М.С.Байтенов, доцент, п.ғ.к., ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Ұлттық дизайнерлер Академиясының академигі - Д.С.Сыдығалиев; Астана қаласы суретшілер Одағының төрағасы, Мәдениет саласының үздігі, Өнер Академиясының Вице-президенті, академик, ҚР суретшілер Одағының мүшесі - Ө.Д. Исмайлов болды.

Байқаудың салтанатты ашылуында Басқарма төрағасы-ректор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Қ.М.Тіреуов, байқаудың басты демеушісі «БЕРКАТ» консорциуымның өкілдері қатысты. Байқауда 80-нен астам қатысушы болды. 10 мектеп, 2 колледж, 6 университеттің  студенттері белсенділік көрсетті. Қорытындылай келе:

Студенттер арасында:

1-орынды С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ студенті Маукен Камила иеленіп, дипломмен және 30 000 теңге сыйақымен марапатталды;

2-орынға екі қатысушы ие болды: Қожабергенова Аружан («Шабыт» колледжі); Тұрар Жансая - С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ. Оларға диплом және 20 000 теңге сыйақы табысталды;

 3-орынды үш қатысушы бөліп алды:

Набиев Рамазан («Тұран Астана» университеті);

Акентаева Камила (С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ);

Баталов Рахат (С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ);

Оларға диплом және 15 000 теңге сыйақы табысталды.

 

Оқушылар арасында:

1-орынды- Қоянды ауылы №2 орта мектеп оқушысы Омарбекқызы Аяулым иеленіп; диплом және 5 000 теңге сыйақымен марапатталды.

2-орынды- Ержанқызы Айкүн жеңіп алды (№60 мектеп-лицей оқушысы). Диплом және 4000 теңге сыйақыға ие болды.

3-орынды Тнеев Саид (№87 мектеп-гиманазиясының оқушысы) диплом және 3000 теңге сыйақымен марапатталды.

Асқар Сарсенбеков атындағы арнайы жүлде- 20 000 теңге сыйақы сертификатымен Қоянды ауылы №2 орта мектептің  оқушысы Тұрар Айдамира марапатталды.

Барлық мектеп оқушыларына белсенділік танытып қатысқаны үшін 1 000 теңгеден сыйақы табыс етілді.

Алғыс хатпен келесі қатысушылар марапатталды:

Спатшаикова Елназ (Басқару колледжі);

Парманова Айдана  (С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ);

Половченя Ксения, (С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ);

Балгинова Аида, (С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ);

Мукан Аида (С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ);

Сералина Инара (С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ);

Акимбаева Айнура (С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ);

Мукашева Самал (С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ);

Рафиков Ратмир (С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ);

Боброва Милана (С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ);

Байбатырова Лиана (С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ).