Басты бет / Жаңалықтар / Енді «Сейфуллин» командасы «Жайдарман» жоғары лигасының жолдамасы үшін күреседі
Енді «Сейфуллин» командасы «Жайдарман» жоғары лигасының жолдамасы үшін күреседі

Просмотров: 1843

4 желтоқсанда «Жастар» сарайында «Астана» қалалық лигасының финалы өтті. Финалға Республиканың әр қалаларынан 6 команда қатысты. Университетіміздің намысын «Сейфуллин» командасы қорғады. Финал екі сайыстан тұрды: «Сәлемдесу және жұлдызбен үй тапсырма». «Сейфуллин» командасына университетіміздің түлектері мен чемпиондары көмектесті: «Энерго» командасынан Асхат Мұхаметқалиев, «Не кипишуй» командасынан Алиев Аян, Зәукенқажы Салих және Клеков Санжар, сондай-ақ «Сержан братан» сериалының актрисасы және қазақ киносының жұлдызы Гүлмира Жакилина. Команда финалда сәтті ойнап, 3-орынға ие болды. Осымен биылғы маусым «Сейфуллин» командасына аяқталды. Енді «Сейфуллин» командасы 2025 жылдың ақпан айында «Жайдарман» жоғары лигасының жолдамасы үшін күреседі.