Басты бет / Жаңалықтар / Энергетикалық факультетінің 1-курс студенттеріне «Ар-намыс» кодексін түсіндіру жұмысы жүргізілді
Энергетикалық факультетінің 1-курс студенттеріне «Ар-намыс» кодексін түсіндіру жұмысы жүргізілді

Просмотров: 1133

      Жақында университеттің Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменттің мамандары Энергетикалық факультеттің 1-курс студенттеріне «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» студентінің Ар-намыс кодексін түсіндіру жұмысын жүргізді. Түсіндіру жұмыстарына факультеттің 1-курсының 27 қазақ тобы-728 студент,  14 орыс тобы- 229 студент және 1 ағылшын тілінде білім алатын топтары тартылды.

     Білім алушылары Ар-намыс кодексінің университет аумағында және басқа да қоғамдық орындарда күші бар екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар, студенттерге құқықтары мен міндеттері және ішкі нормативтік-құқықтық ережелері туралы ақпараттар берілді

    Түсіндіру жұмыстарын Басқарма мүшесі-Студенттер ісі жөніндегі проректор Ж.А.Құсайынова, Мәдени-бұқаралық жұмыс жөніндегі департамент директорының орынбасары Г.Е.Байдалина мен департаменттің аға менеджері Т.З.Канафин өткізді.  Кездесулерде факультет деканы Исенов С.С., декан орынбасары Айтжанова Н.Т., "Электр жабдықтарын пайдалану" кафедрасының меңгерушісі Умурзакова А.Д. және «Электрмен жабдықтау кафедрасы» кафедрасының меңгерушісі Байниязов Б.Ә. қатысты.