Басты бет / Жаңалықтар / Мақсат – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту
Мақсат – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту

Просмотров: 1729

Жақында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-да 2023-2024 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарына және Жерге орналастыру, сәулет және дизайн факультетінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша түсіндірме іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту және сыбайлас жемқорлықты қабылдауға нөлдік төзімділікті дамыту.

Университеттің Сәйкестікті бақылау және корпоративтік этика жөніндегі кеңес мүшесі М.Х. Жанбусинова декан орынбасары Н.А. Абеевамен бірге студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Әдеп ережелерін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт талаптарын сақтау, мүдделер қақтығысын анықтау және болдырмау мәселелерін түсіндірді.

Кездесу соңында спикерлер студенттердің сұрақтарына жауап берді.