Басты бет / Жаңалықтар / «Генеративті жасанды интеллект жоғары білімде: салдары және қолданылу аясын зерттеу» тақырыбында онлайн ғылыми семинар
«Генеративті жасанды интеллект жоғары білімде: салдары және қолданылу аясын зерттеу» тақырыбында онлайн ғылыми семинар

Просмотров: 2132

         Жуырда университетіміздің «Болашақ» бағдарламасының стипендианттары гуманитарлық факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры,  т.ғ.к. А.Ж. Габдулина  және  экономикалық факультетінің аға оқытушысы Б.Б. Бермұхамбетованың  ұйымдастыруымен Иллинойс Урбана-Шампейн университеті, ассистент-профессор Вания Карвальо де Кастро  «Генеративті жасанды интеллект жоғары білімде: салдары және қолданылу аясын зерттеу» тақырыбында  онлайн  ғылыми семинар өткізілді.

Семинар барысында  OpenAI компаниясы 2022 жылғы қарашада ChatGPT моделін іске қосқаннан кейін білім беру саласында орын алған өзгерістерге шолу жасалды. Генеративті жасанды интеллект (ЖИ) құралдарының кеңінен таралуы жоғары білім беру жүйесіне елеулі әсеріне, аталған технологияның салдары мен жоғары оқу орындарындағы қолдану тәжірибелері талданды. Сонымен қатар Жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін CyberScholar құралына ерекше назар аударылды. Бұл құрал бірнеше ірі тілдік модельдермен (LLM) – ChatGPT, Gemini, LLaMA – байланысты жұмыс істейді. Әрбір модельдің ерекшеліктері, олардың зерттеу және білім беру үдерістеріндегі практикалық қолдану мүмкіндіктері салыстырылды. Сонымен қатар, бұл технологиялардың академиялық ортадағы нақты мысалдары келтірілді.Жоғары білім беру жүйесінің жасанды интеллектпен ықпалдасу болашағына болжам жасалды. Генеративті ЖИ құралдары университеттік оқыту мен ғылыми-зерттеу тәжірибесін түбегейлі өзгертуі мүмкін. Автор осы өзгерістерге бейімделу жолдарын, сондай-ақ білім беру саласының болашағына қатысты көзқарасын ұсынды.