Басты бет / Жаңалықтар / “IQ-DODA” интеллектуалды ойынның қорытындысы
“IQ-DODA” интеллектуалды ойынның қорытындысы

Просмотров: 557

27 ақпан күні Алтын белгі қауымдастығының ұйымдастыруымен факультетаралық “IQ-DODA” интеллектуалды ойыны өтті. Зияткерлік ойын келесі раундтардан тұрды:

1. «IQ-ың қанша???»;

2. «ТТТ ( Тарихи Тұлғалар Тегі)»;

3. «Махаббатым ҚАТЗУ»-университет туралы сұрақтар;

4. «Сөзжұмбақ».

Үлкен бәсекеге 3 адамнан құрылған командалар қатысты. Әр команда  ойынның  раундтарында өз қабілеттерін ортаға салып, жақсы нәтиже көрсетті. Интеллектуалды ойынның әділ қаза алқалары: мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменттің аға менеджері Т.З.Канафин, ЖІЖК аға менеджері Ш.Ж.Рақымберді болды.

IQ-DODA” интеллектуалды ойынның қорытындысы:

I- орынды - Энергетикалық факультетінің командасы иеленді;

II -орынды - ЖРБСжД факультетінің студенттері иеленді;

III-орынды - ВжМШТ факультетінің тобы жеңіп алды.

          Құттықтаймыз!