Басты бет / Жаңалықтар / Өңірлік кадр резервi туралы
Өңірлік кадр резервi туралы

Просмотров: 525

2024 жылғы 7 ақпан күні Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаменті С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің оқытушылары, докторанттарына мен магистранттарына өңірлік кадрлық резерв жобасымен таныстырды.

Іс-шара барысында, Департамент басшысы Мақсат Мусин өңірлік кадрлық резервтің басты мақсаттарын және әр өңірде талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшыларды жас басқарушылардың тобын қалыптастыруға шақырды.

Іріктеу осы жылдың наурыз айынан басталып, маусым айына дейін жалғасады.

Үміткерлердің құжаттарын қабылдау наурыз айының аяғына дейін onir.pkrezerv.gov.kz. сайтында жүзеге асырылады. Іріктеуді облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Кадрлық комиссиясы жүзеге асырады.

Іріктеуге жоғары білімді және үш жылдық жалпы жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Астана қаласы бойынша іріктеу әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, цифрландыру, экология бағыттары аясында жүзеге асырылады және 10 азамат резервке іріктеліп алынатын болады.

Салалық бағыттары мен резервшілердің нақты санын өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтарын ескере отырып, өңірлік кадр комиссиялары айқындайды.

Жиын барысында университеттің Басқарма мүшесі - академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Р.Ж. Абишева, комплаенс қызметінің жетекшісі Қ.А.Токушев жаңа жобаға өздерінің пікірлерін білдіріп, жастарды аталған жобаға белсене қатысуға шақырды.

Жиынға қатысушылар өз сұрақтарына толық жауап алды.

Ал, іріктеу барысында туындайтын сұрақтар бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментіне

8(7172) 24-89-26, 24-88-96 хабарласуға болады.