Басты бет / Жаңалықтар / Өнерім-өмірім
Өнерім-өмірім

Просмотров: 378

Биылғы жыл С.Сейфулиннің 130 жылдығына орай, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті үшін ерекше жыл болып аталып өтілуде. Осыған орай,университетімізге белгілі әнші, актер, ақын, драматург-Қанат Құрмашұлы Жүнісов пен Сәкен Сейфуллин атамыздың нағашысы, ұлағатты ұстаз, қоғам белсендісі- Асылгүл Рақымжанқызы Әбіш қонақ болып келіп, студенттермен кездесті.

Қанат Құрмашұлы «Дәстүрлі ән байқауының» жүлдегері. 200-ден астам әннің авторы, «Біржан сал», «Мағжан», «Жамбыл» фильмдерінде және С.Сейфуллиннің 110, 115, 120 жылдығында  театр сахнасында, «Сәкен», «Өмір жолы», «Тайны и судьбы великих казахов» секілді деректі фильмдерде, «Жамбыл» көркем фильмінде С.Сейфуллиннің рөлін сомдаған актер. 2014 жылы Қазан қаласында «Түрксой» ұйымы өткізген шарада С.Сейфуллиннің рөлін сахналағаны үшін Қырғызстан үкіметі Қанат Құрмашұлын «Тоқтағұл» атындағы медальмен марапаттаған. Ресейде өткен театр фестивалінде Қанат Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» спектаклі «Ең үздік шығарма» номинациясын жеңіп алды. Сонымен қатар,  Қанат Құрмашұлының қазақстандық эстрада жұлдыздарымен де шығармашылық  байланысы  өте тығыз. Атап айтсақ, Қазақ эстрадасындағы «Бәйтерек», «Аламан», «Формат» топтары мен Маржан Арапбаева, Айгүл Иманбаева, Дос сынды көптеген танымал әншілердің  репертуарларындағы  белгілі әндердің сөзін Қанат Құрмашұлы жазған .Автордың 2006 жылы «Ханшайым», 2014 жылы «Ән қанатында» атты ән жинақтары жарық көрген.Кездесуге Басқарма төрағасы-Ректор ҰҒА академигі, «Парасат» орденінің иегері Қанат Маратұлы Тіреуов және профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қауымы қатысты. Кездесу барысында, университетіміздің ректоры Қ.М.Тіреуов, келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, университетіміздің ең жоғарғы марапаты «С.Сейфуллин медалімен» Асылгүл Рақымжанқызын марапаттады. Бұл марапатпен Қанат Құрмашұлы Жүнісов  26 ақпан күні «Жастар» театрында университеттің «Ақжелкен» студенттік театрының сахналауымен болған «Ақын мен ажал» спектаклінен соң марапатталған болатын.

«С.Сейфуллин медалімен» студенттік театрдың жетекшілері Вахитов Нурфат Хабержанович, Умаров Думан Еркінұлы және Сәкеннің рөлін сомдаған экономикалық факультетінің 4-курс студенті Маратов Жангелді марапатталды.

Мәдени-бұқаралық  жұмыс жөніндегі департаменттің аға менеджері Т.Қанафин