Просмотров: 1222
Кеше С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде елімізге танымал теолог, дінтанушы Нұрлан Байжігітұлымен кездесу өтті. Кездесуде Нұрлан имам рухани және моральдық құндылықтарды дәріптей отырып, дін туралы терең ойларымен бөлісті. Жастарды имандылыққа, адамгершілікке, және қоғамға пайдалы болуға шақырды. Сонымен қатар, өмірде болатын әртүрлі қиындықтармен қалай күресуге болатындығын, жастарға рухани ізденіс жолында адамның ішкі жан тыныштығы пен сенімінің маңызды екенін түсіндірді. Ислам дінінің салт-дәстүрімізбен тамаша үйлесім табуы ұрпақ тәрбиесінде маңызды рөлге ие екенін жеткізді.
Нұрлан имам еліміздің болашағы, отбасылық құндылықтар, имандылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, жат ағымдар, ел бірлігі, ата-баба дәстүрі туралы әсерлі әңгімелерімен бөлісті. Жеке өмірінде болған әр түрлі жағдайларды мысал ете отырып, жастарымызға ұлағатты насихатын жеткізді. Жастарға ата-ананы құрметтеуге байланысты шариғат талабына сай діни ақыл-кеңестерін берді. Жастарымыз имаммен сұхбаттасу барысында өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарға қанағаттанарлық жауаптарын алды.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.