Просмотров: 1391
Елорданың «Жастар» сарайында «JASTAR JALYNY-2024» жастар шығармашылық-спорттық фестивалінің жабылу салтанаты өтті.
Фестиваль 13 жыл бойы өткізіліп келеді және студенттердің сүйікті іс-шарасына айналды. Фестивальда Астана қаласының 15 ЖОО жастары бақ сынасты.
С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ студенттері барлық 10 номинация бойынша қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтсақ:
"Медиа" номинациясы бойынша "KAZATZU MEDIA" студенттік клубы өздерінің «Еңбек адамы» тақырыбындағы бейнеролигін ұсынып, 1-орынды жеңіп алды;
"Шабыт" ұлттық аспаптар ансамблі "Музыкалық аспаптар" номинациясында 2-орынға ие болды.
"Ақжелкен" студенттік театры "Театр" номинациясы бойынша 3-орынға ие болды.
Өзін өзі басқарумен құрылған жатақханадағы футбол командасы "Жастар жалыны" фестивалінде 3-орынға ие болып, оқу орнымыздың намысын абыроймен қорғап шықты.
Жүлделі орындар үшін жеңімпаздар ақшалай сыйақылармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жалпы командалық есепте 15 ЖОО арасында ҚАТЗУ жүлделі 3-орынға ие болды.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.