Просмотров: 863
2024 жылдың 20 қыркүйек күні сағат 12:00 – 17:00 аралығында барлық 1-курс студенттеріне Агрономиялық факультеттің алаңында «Ұйым -FEST» студенттік ұйым-клубтардың жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкенің мақсаты 1-курс студенттерін ұымдарымен таныстыру және “Көмек”, “Жастар рухы ҚазАТЗУ”, «Мәңгілік», «Шырақ» дебаттық клубтар, “Enactus”, “Парасат ”, “Саналы ұрпақ”, “Алтын белгі” “Шебер қолөнершілер”, “Медиа КазАТЗУ”, “Ютуб chаnel ” сияқты түрлі студенттік ұйымдарға қабылдау.
Жәрмеңкеде барлығы 20-дан астам студенттік ұйым ұсынылды. Әр ұйым студенттерді ерекше жылулықпен қарсы алды және өзінің жарқын жетістіктерін музыкалық, би қойылымдары, презентациялар форматында ұсынуға тырысты, рамен-PARTY, концерт, ұтыс ойыны, тіпті дәмді тағамдар дайындалды. Лотореяда 100-ден астам сыйлық ойнатылды.
Студенттік ұйымдардың жәрмеңкесі әртүрлі клубтар мен қызығушылық топтарына қосылудың көптеген мүмкіндіктерін ұсынып қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік өзара әрекеттесу мен белсенді студенттік өмірдің маңыздылығын көрсетті. Студенттер өз кәсібін табуға, дағдыларын дамытуға, жаңа достар табуға және студенттік өмірді мазмұзды етуге мүмкіндік алды.
Ұйымдастырушылар: Мәдени-бұқаралық жұмыс жөніндегі департамент, Студенттік Парламент.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.