Басты бет / Жаңалықтар / Қалалық «Student Life» КТК ойындары өтті
Қалалық «Student Life» КТК ойындары өтті

Просмотров: 1049

17 қазан Агрономия факультетінің концерт залында, қалалық «Student Life» КТК ойындары өтті. Бұл ойынға Астана қаласының жоғары оқу орындары мен колледжден келген командалар қатысты. «Еуромикс» Еуразия Ұлттық университеті, «Шекер» Астана Халықаралық университетінің педагогикалық колледжі, «Максимум» Еуразия Ұлттық университеті, «Мегаполис» Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық колледжі, «AIU»Астана Халықаралық университеті. Біздің Университетіміздің намысын 4 команда қорғады: «Төрт жарым» Агрономиялық факультет, «Эксклюзив» Энергетикалық факультет, «Титаник» Техникалық факультет, «Матриархат» №2А жатаханасы. Жартылай финал ойындарына тікелей 7 команда өтті. «Матриархат» командасы қалалық КТК лигасының жартылай финалына жолдама алды.