Просмотров: 1033
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік концерт болып өтті. Еліміздің өсіп-өркендеуіне, бейбітшілік тыныш өмір сүруіне өз үлестерін қосқан ардақты да аяулы қарттарымыз үшін ұйымдастырылған мерекелік шараға университетіміздің өнерпаз студенттері қатысып, өз өнерлерін көрермен қауымға паш етті. Концертте «Шаттық» би ансамблінің орындауындағы «Әшекей» биі, «Шабыт» ұлт аспаптар ансамблінің орындауындағы Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйі, Әбілмансұрова Аружанның орындауындағы «Асыл әже» әні, Ильяс Гүлмаралдың орындауындағы «Перзент парызы» әні, Мейрамбаева Жанель мен Үсенбаев Ерсіннің орындауындағы «Әке-Ана» әні көрермендердің қошеметіне бөленді. Сонымен бірге «Сәлем, Қазақстан», «Синяя вечность», «Туған жер», «Өз елім» әндері шырқалып келген қонақтардың көңіл-күйлерін бір асқақтатты.
Саналы ғұмырларын елім деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің дамуына арнаған ардақты ардагер аға-апаларымыздың төл мерекесі университетімізде осылай аталып өтті.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.