Басты бет / Жаңалықтар / Қарызсыз қоғамның бір бөлшегі
Қарызсыз қоғамның бір бөлшегі

Просмотров: 534

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында «Жеке қаржыны басқару»  сертификаттары тапсырылды

 Ақпан айында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Астана қаласы, Сарыарқа аудандық «Аманат» партиясының бастамасымен «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы негізінде «Жеке қаржыны басқару» курстарының дәрістерін университеттің профессор-оқытушылар құрамына, қызметкерлеріне және студенттеріне ұйымдастырылған болатын.

1 сәуір күні университеттің Гендельман конференц-залында Астана қаласы, Сарыарқа аудандық «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Ербол Маралұлы «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында «Жеке қаржыны басқару» курстарының тыңдаушыларына сертификаттар тапсырды.