Просмотров: 373
10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, хакім Абай Құнанбайұлының туған күні. Биыл ұлттың рухани ұстазының дүниеге келгеніне 181 жыл толып отыр. Ұлы ойшыл, ғұламаның өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау әрі студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Абай мұрасы – ұлт қазынасы» атты кітап көрмесі өтті.
Абай мұрасын дәріптеу – ұлттың рухани құндылықтарын жаңғыртып, жас ұрпақтың бойына ұлттық сана мен адамгершілік қасиеттерді сіңірудің маңызды тетігі.
Айта кетейік, Абай күнін атап өту – ұлы ойшылдың рухани мұрасын ұлықтап, оның шығармашылығы кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды дәстүр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2020 жылдан бастап 10 тамыз еліміздің атаулы күндер күнтізбесіне Абай күні ретінде енгізілді. Оның негізгі мақсаты – Абайды ұлттың рухани реформаторы, кемеңгер ойшыл әрі әлемдік деңгейдегі тұлға ретінде танытып, ақынның мол мұрасын кейінгі ұрпаққа дәріптеу.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.